Біз туралы » Страница 2 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ТҮНГІ УАҚЫТТА ЗАҢДЫ ӨКІЛІНСІЗ ЖҮРМЕ!"
31
қаңтар
2025
"ТҮНГІ УАҚЫТТА ЗАҢДЫ ӨКІЛІНСІЗ ЖҮРМЕ!"
                                          "ТҮНГІ УАҚЫТТА ЗАҢДЫ ӨКІЛІНСІЗ ЖҮРМЕ!"      Шымкент қаласының білім басқармасының 30.-01.2025 ж. күнгі №10-08-07/599 хатына және Шымкент қаласы прокуратурасының 2025 ж. №2-40-25-00694 хатына сәйкес 8-11 сынып оқушыларына тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, онда түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрмеу, көңіл - көтеру орындарына бармау, көңіл - күй көтеретін шарларды тұтынуға мүлде болмайтындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Даналық-Ұстаздан»
06
қазан
2024
«Даналық-Ұстаздан»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары «Даналық-Ұстаздан» тақырыбында өз ұстаздарын құрметтеп, мерекелерімен құттықтады. Мерекелеріңіз құтты болсын! Білімді, тәрбиелі шәкірттеріңіз көп болғай, Асыл ұстаздар!!!
“БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
27
қыркүйек
2024
“БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
“БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ 2024 жылдың 23 қыркүйек күні педагогикалық ұжыммен «Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі» тақырыбында жиналыс өткізілді. Мектеп директоры Г.А.Пржанова сөз алып жиналыстың өту барысымен таныстырып өтті. Біртұттас тәрбие бағдарламасын ДТІЖО Ж.А.Альжанов таныстырып өтті. Бұл жиын тек ақпарат алу емес, педагог пікірін тыңдап, маңызды мәселелерді бірлесе талқылап,  шешім қабылдау. Мазмұны: -Бала –қауіпсіздігі-қоғам келешегі -«Біртұтас
“Айбын-2024”
23
қыркүйек
2024
“Айбын-2024”
“Айбын-2024” Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери-патриоттық клубтары арасында абыроймен өнер көрсетіп жүрген №68 жалпы орта білім беретін мектебінің “Жас сарбаз” тобы мен жетекшісі А.Иманқұловты, Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасарлары келіп, Құрмет грамотасымен марапаттады. Құттықтаймыз!!!
"Ерекше білімді қажет ететін"
18
қыркүйек
2024
"Ерекше білімді қажет ететін"
Мектеп директоры Г.А.Пржанова, МДОІЖО Г.М.Нахипова, мұғалім - логопедтер Р.Е.Ашықбаева мен Ғ.П.Сагинбекова, психологтар Г.Шынтаева мен Г.Жұмахметова, Дефектолог К.Жолдасова мектеп мұғалімдеріне "Ерекше білімді қажет ететін" балаларды оқытудың бірнеше жолдары мен әдістерін қолдана отырып, баланың өмірге деген қызығушылығын ояту, балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
“Ел болашағы білімді ұрпақ”
10
қыркүйек
2024
“Ел болашағы білімді ұрпақ”
2024-2025 оқу жылы қарсаңында мектебіміздің ұстаздарын кеңсе заттарымен қамтамасыз етті. “Ел болашағы білімді ұрпақ” демекші, бар күш жігерімізді өскелең ұрпаққа жұмсайық. Осы оқу жылында ұстаздарымызға толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз.
«МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН!» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТТАР ӨТКІЗІЛДІ
03
қыркүйек
2024
«МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН!» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТТАР ӨТКІЗІЛДІ
«МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН!» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТТАР ӨТКІЗІЛДІ Мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында, жылдық жоспарға сәйкес “МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. МАҚСАТЫ: оқушылардың Қазақстан туралы ой-өрістерін кеңейту. Өз халқымыздың әдет-ғұрыптарына, салт - дәстүріне, әдебиеті мен мәдениетіне деген танымдық қызығушылықтарын ояту. Туған жерін сыйлауға, бағалай білуге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
«АТА ЗАҢ– ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТҰҒЫРЫ»
29
тамыз
2024
«АТА ЗАҢ– ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТҰҒЫРЫ»
«АТА ЗАҢ– ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТҰҒЫРЫ»  30-тамыз Конституция мерекесіне орай “Тарих және география” бірлестігі «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету, Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыру. Ұстаздар өз пікірлерін ортаға салды және тақырып өз мақсатына жетті.
“БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР”
13
тамыз
2024
“БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР”
“БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР” Мектебімізде мұғалімдер арасында “Білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер“ тақырыбында Карл Поппер форматында дебат өткізілді. Пікірсайыста оқулықтың күрделілігі, бастауыштағы білім сапасы,үштік одақ, кәсіби мұғалім, оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру аргументтері қарастырылды. Пікірсайысқа қатысқан мұғалімдер тақырыпты кеңінен аша білді.
“2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігі туралы”
12
тамыз
2024
“2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N68 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Шара барысында ұстаздарға жаңа оқу жылындағы ұсынылған әдістемелік нұсқаулық хат таныстырылды. Пән бірлестігінің мұғалімдері “2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігі туралы” әдістемелік нұсқаулық хаттағы оқу жылының ерекшеліктерімен танысып, өзара талдап, ақпараттардан хабардар болды.