03
ақпан
2025
"ҮЗДІК БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ"
"ҮЗДІК БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ"









Шымкент қаласы орталық аппаратының ұйымдастыруымен өткізілген ”Үздік бастауыш партия ұйымы” байқауына қатысқан “Аманат” партиясының “Береке” филиалы да атсалысты, төраға басшылығымен ұйым жүлделі 2 орын иеленіп, дипломмен марапатталды. ”Аманат” партиясы “Береке” филиалының басты міндеті - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып, отбасы құндылықтарын насихаттайтын партия деп ауыз толтыра айта аламыз. “Аманат “ партиясы “Береке” филиалының ұжымы өз істерін жауапкершілікпен атқарып, халықпен бірге жұмыс атқарып келеді. Ұйым басшысы Сәбитова Әлия Әліханқызы ұжым мүшелерінің ынтымағын арттырып, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға үндеп келеді. Бір ғана мысал, “Азат”мөлтекауданы тұрғындарының азқамтылған отбасы балаларына демеушілік жасап, мөлтекауданның гүлденуіне, халықтың әл- ауқатын жақсартуға қосқан зор үлесі. Бірлігі жарасқан, ынтымағы зор ұжымды басшылық етіп келе жатқан “Береке” филиалының басшысы Сәбитова Әлия Әліханқызын және ұйым мүшелерін жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз!









