06
қазан
2022
ШЫМ-ҚАЛА ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ
Тарих пәні мұғалімі Ә.Бостанованың жетекшілігімен 9 «В» сынып оқушылары Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы сақталған, ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған мәртебелі қаламыздың өткені мен бүгінін тану және келешек ұрпаққа тарихын насихаттау мақсатында Шым-қала тарихи-мәдени кешеніне экскурсия ұйымдастырылды. «Туған өлке тарихы» тақырыбында арнай көрме жасақталып, экскурсия барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кешен аумағында шолу экскурсиясы өтті. Экскурсиядан оқушыларымыз керемет әсер алды.