30
қыркүйек
2022
"Үштік одақ: Ата-ана-мұғалім-оқушы"
Мектебімізде "Үштік одақ: Ата-ана-мұғалім-оқушы" арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында 6"Б" сынып жетекшісі Абдуллаева Нұргүл Сәкенқызы ата-аналары Алима Қоңырбаева және Назгүл Бейсенбековалармен біріге отырып 6"Б" сынып оқушыларымен "Абайлаңдар, балалар" атты жол ережесіне арналған тәрбиелік сынып сағатын өткізді. Іс-шарада оқушыларға жолда жүру ережесін сақтау, жол белгілерінің түрлерімен таныстыру, бағдаршамның атқаратын қызметтері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар топқа бөлініп, жол ережелері туралы кластер, сұрақ-жауап, өлең, тақпақтар айтып, жұмбақтар шешу арқылы өз білімдерін шыңдады.







