"С.ЕРУБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛДАРЫ"
"С.ЕРУБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛДАРЫ" АТТЫ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛДІ. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 8"В" сынып жетекшісі А.Е.Тюльтебаева оқушыларымен №24 мектебіне барып, С.Ерубаевтың мұражайына таным-жорық жасап, шығармашылық жолымен танысты. Мұражайдан кейін өз кезегінде оқушылар мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында танысқан, ізденгендері бойынша тоқталып, өзара пікір алмасып, білгендерімен бөлісіп, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді