17
қараша
2022
"ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ—МӘНШҮК"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханасында, Мәншүк Маметованың 100 жылдығына орай, «Қазақ даласының қайсар қызы— Мәншүк» библиографиялық шолу іс-шарасын кітапханашылар Х.Қуашбаева, Л.Лауланбекова және 8"б" сынып жетекшісі Г.Саугановалар ұйымдастырып өткізді. Оқушылар Кеңес Одағының батыр қызы Мәншук Маметованың өмірбаянымен танысып, батыр қыздың ерлігін еске ала отырып, ерлік туралы өлең тақпақтар айтып, өздерінің оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті.