«30 жылдыққа-30 кітап» байқауы » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «30 жылдыққа-30 кітап» байқауы
29
желтоқсан
2021

«30 жылдыққа-30 кітап» байқауы

  Еліміздің биылғы атаулы мерекесі  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай мектебімізде  оқушылар арасында және мұғалімдер арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында  «30 жылдыққа-30 кітап» атты байқау өткізілген болатын. Байқауға  қатысушылар өзі таңдаған бір ақынның шығармасын оқып, 4-5 минуттық бейнежазбаға өздері оқып жатқан шығармаларын ортаға салып, мазмұнымен, алған әсерлерімен бөлісіп, мектептің Facebook парақшасына жариялады. Нәтижесінде мәтіннің сюжеттік желісі бойынша өз ойын нақты әрі, жүйелі жеткізе білген   ұстаздар  мектеп директорының мадақтамасымен марапатталды.  Ал, шығарманы мазмұндап жеткізе білуінде ерекше көзге түскен Әбдіқалық Жансая жүлделі І орынды, Дүйсенбаев Нұртілес ІІ орынды, Беймусаева Ұлмекен мен Мырзагелдиева Луиза ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар арнайы грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив