14
желтоқсан
2020
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Тәуелсіздік күніне орай «Жас ұлан» ұйымына
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Тәуелсіздік күніне орай «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылып,өткізілді. Жиынға «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Әбдез Рахманұлы, «Nur Otan» «Azat» бастауыш партия ұйымының төрайымы Сабитова Әлия, ардагер ұстаз Қ.М.Кенжебаев ,мектеп «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Тобылов Райымбек, «Танымал Тұлға» журналының редакторы Исабаева Ұлжан Миятқызы, ата-аналар комитетінің төрайымы Аманбаева Қатира қатысты. Қонақтар оқушыларға мойынтақ байлап, «Жас Ұлан» төсбелгісін тақты. Оқушыларды «Жас Ұлан» тобына қабылдануымен құттықтап, тәуелсіз еліміздің болашағы білімді жастар екенін ұғындырып, берген анттарына адал болатындықтарына сенім білдірді.





















