"ДҮКЕН ОЙЫНДАРЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Мусаева Акмарал Зиябекқызы 5«Ә» сынып оқушыларымен «Дүкен ойындары» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: балаларға дүкен, дүкенші, тұтынушы туралы түсінік беру. Дүкен адамдарға өте қажет екенін, дүкеннен азық - түлік, ойыншық, аяқ киімдер, ыдыстар тағы да басқа заттарды ақшаға алатыны туралы түсіндіру. Ойын арқылы, көзбен көріп ойлауды, қажетті заттарды алып, сатушыға сыйластық танытуды ұғындыру.