Іс-шаралар » Страница 37 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТУ" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
23
қараша
2022
"ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТУ" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп директоры Г.А.Пржанова 9«Ғ» сынып оқушыларымен "Қарым - қатынасты жақсарту" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты, оқушылардың  қарым-қатынас мәдениетін жақсарту, оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке, өзін және өзгелерді құрметтеуге, түсіне алуға, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!»
22
қараша
2022
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!»
    7 «В» сынып жетекшісі А.Е.Тюльтебаева «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушыларға зорлық - зомбылықтың түрлерін түсіндіріп, оның алдын алу жолдарын айтып өтті. Балалар құқығын қорғау - егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі болғандықтан, жаман әрекеттерге бармау, әлім-жеттік көрсетпеу, спортпен шұғылданып, өз денсаулықтарын басты назарда ұстау. Әр бала өз ойларын постермен қорғап, эссе жазды.
"Қатігездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ"
21
қараша
2022
"Қатігездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ"
   9 а сынып жетекшісі Абдусаметова Галия өз сыныбымен "Қатігездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" атты тәрбие сағатын өтті. Сабақ барысында оқушылар видео көрсетілім көріп, өз ойларымен бөлісті. Әрбір бала бақытты болуға лайық екендігі айтылып, сабақ "Жаман қасиеттерден арыламыз" атты психологиялық ойынмен жалғасын тапты.
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
21
қараша
2022
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
   5 «б» сыныбынын жетекшісі Әбдіқалық Жансая сыныбымен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақта тақырыпқа сай видеоролик көрсетіліп, сауалнама алынды. Соңынан "Өз тағдырың, өз қолыңда!" тақырыбында эссе жазылды. Сабақтың мақсаты: баланың өз өмірі өз жауапкершілінде екенін түсіндіру.
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
21
қараша
2022
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие
   5"Д" сынып жетекшісі Н.Серкебаева және 5"Ғ"сынып жетекшісі Ж.Абылаева "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты, оқушылардың өз құқықтарын білуге, еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. 
"Зорлық, зомбылықсыз —балалық шақ"
21
қараша
2022
"Зорлық, зомбылықсыз —балалық шақ"
   7 «Б» сынып жетекшісі Ергешев Асан "Зорлық, зомбылықсыз —балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мұғалім оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат бере отырып, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндірді. Сонымен бірге, толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами  қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуге шақырды.
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР"
21
қараша
2022
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР"
 "Тарих-география" апталығының жоспарына сәйкес, мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері Ж.Дәулетова, А.Бостановалардың ұйымдастыруымен  "Б.П Тарих пәні оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді д.е" тақырыбында мектепішілік дебат турнирі өтті. Мақсаты, тарихи білім деңгейін толықтыру, оны тереңдету және нақтылау, білім алушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, өз бетімен қорытынды жасай алуға үйрету. Турнирде жеңіске жеткен парламент фракциялары "Тарих тағылымы"  9"В" сынып оқушылары лидер Құдайберген
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
21
қараша
2022
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
   8 «Ә» сынып жетекшісі Г.Құдиярова «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлерін түсіндіріп, оның алдын алу жолдарын айтып өтті. Балалар құқығын қорғау - егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі.
"Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ"  тақырыбында тәрбие сағаты
18
қараша
2022
"Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие
    5"А" сынып жетекшісі Ж.Калмурзаева және 5"Ә" сынып жетекшісі Г.Ускенбаева "Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ"  тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты, оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат бере отырып, әдепті де, тәрбиелі тұлға болып өсуіне ықпал ету.
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР" АТТЫ АПТАЛЫҚ ӨТКІЗІЛДІ
18
қараша
2022
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР" АТТЫ АПТАЛЫҚ ӨТКІЗІЛДІ
    Тарих және география бірлестігі "Білім көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында апталық өтті. Бірлестік мұғалімдері Н.Серкебаева және М. Исашова 9"Б"сынып оқушыларымен "Өлкетану мұражайына саяхат" тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты, мұражай туралы толық мағлұмат беру және тарихи дерек көзі ретіндегі маңызын айқындау. Оқушыларға Отаншылдық, ұлтжандылық, эстетикалық тәрбие беру  және мәдени құндылықтарымызды қастерлеп, өскелең ұрпаққа насихаттау.