Іс-шаралар » Страница 36 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАУҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
03
желтоқсан
2022
"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАУҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...  деп Абай атамыз жырламақшы қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар  арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге деніміз мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды
Lesson study сабағы өткізілді
01
желтоқсан
2022
Lesson study сабағы өткізілді
   9 «А» сынып оқушыларымен биология пән мұғалімі Нурпейсова Ләззат Lesson study сабағын өтті. Сабақтың тақырыбы "Нейронның түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі. Синапстар және медиатор". Сабақта өзіндік, жұптық жұмыс, сәйкестендіру, тест тапсырмалары орындалып, оқушылар белсене қатысты.
"АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
01
желтоқсан
2022
"АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтасты нығайту, ата-аналарға жаңартылған білім мазмұнының тиімділігін түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы №68 жалпы орта мектебінде қараша айының 29 күні 7"ә"-сынып ата-аналары үшін "Ашық есік күні" шарасы өтті. Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.А.Қосыбаева "Постулаты здоровья" атты сабағын өтті. Сабақта бейнебаян көрсетіліп, оқушылар өз ойларын айтты.
"Б.П. Қашықтықтан оқу  жүйесінің зиянынан пайдасы көбірек" тақырыбында дебат өткізілді
30
қараша
2022
"Б.П. Қашықтықтан оқу жүйесінің зиянынан пайдасы көбірек"
  30.11.2022ж күні  мектебімізде тарих және қазақ тілі мұғалімдері арасында Американдық парламенттік форматындағы (АПФ) "Б.П. Қашықтықтан оқу  жүйесінің зиянынан пайдасы көбірек" тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: Ойыншылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті мәселелерді талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту. Пән бірлестігінің сенімін арқалаған
"САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!" АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
30
қараша
2022
"САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!" АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
  9-11 сынып оқушылары арасында "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!» тақырыбында волейболдан сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша I-орынды 11«А» сынып, II-орынды 11«Ә» сынып, III-орынды 10«Ә» сынып иеленсе, "Үздік ойыншы" номинациясын - Утегенов Қуаныш, "Үздік қорғаушы" номинациясын - Балабек Еркебұлан, "Үздік шабуылшы" номинациясын - Қуандық Есіл иеленді.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
30
қараша
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Әжемнің ертегілері" тақырыбында "Асыл әжелер" клубының мүшесі 2"В" сынып оқушыларымен 20 минуттық оқу ұйымдастырды. Әжеміз оқушыларға «Бала айдаһар» ертегісін оқып, балалар ертегіден алған әсерлерімен бөлісті. Ертегілер балаларды білімге құштарлыққа, отансүйгіштікке, ұқыптылыққа, жақсы қасиеттерге баулиды.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
30
қараша
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында  5 "в" сынып жетекшісі Н.Дүйсенбаев сынып оқушыларымен Шерхан Мұртазаның "Интернат наны" шығармасын оқып, талқылады. Мақсаты: Шерхан Мұртазаның өмірі туралы мағлұмат беру. Мәтінді оқып, мазмұндау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру. Кейіпкер бойындағы батылдыққа, алғырлыққа, қайсарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
28
қараша
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3«А» сынып жетекшісі А.Абдураимбекова оқушыларымен 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырып, өткізді. Оқушылар кітапханадағы қазақ тіліне аударылған шетел жазушыларының ертегілерін оқып, суреттеріне қарап әңгімеледі. Ертегілер оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
24
қараша
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
   «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында  кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева және кітапханашы Л.Лауланбекова 8 «Ә» сынып оқушыларымен "20 минуттық оқу" өткізді. Жамбулбек Асылзат Николай Носовтың «Дымбілместің айға саяхаты» кітабының қызықты тұстарын айтса, Әмірбай Балауса осы автордың «Дымбілмес күн қаласында» кітабы туралы ойын айтып өтті. Құдретәлі Бибінұр түрік авторы Гузел Яхинаның «Зулейханың оянуы» кітабын оқуға кеңес берді. Барлық оқушы өз ойларын айта отырып, бос уақытты тиімді өткізу
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
23
қараша
2022
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп психологы Г.А.Жұмахметова  мектебімізге жаңадан келген 8-11сынып оқушылармен “Біз, бәріміз доспыз” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушыларға “Дос деген кім?”, ”Дос қандай болады?”, “Досың барма?”деген сұрақтар қойылып, достықты бағалай білуге үйрететін бейнеролик көрсетіліп, балалардан бейнероликтен не түсінгені жайлы кері байланыс алынды. Оқушылар тренингке жақсы белсенділікпен қатысып, тренингтің жақсы өтуіне ат салысты.