Іс-шаралар » Страница 35 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Б.П. Экономикадан қарағанда экологияға көбірек көңіл бөлу керек д.е" тақырыбында мектепішілік дебат өткізілді
12
желтоқсан
2022
"Б.П. Экономикадан қарағанда экологияға көбірек көңіл бөлу керек д.е"
  Мектебімізде 9 "А" сынып оқушыларының қатысуымен АПФ форматында "Б.П. Экономикадан қарағанда экологияға көбірек көңіл бөлу керек д.е" тақырыбында мектепішілік дебат өткізілді. Ойын барысында оппозиция фракциясының  лидері Раушанбек Марал және спикері Қуандық Балауса өздерінің өткір ойлы, сөзге шешен екендіктерін көрсете білді.
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
12
желтоқсан
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
   8 "А" сынып жетекшісі Г.П.Сагинбекова сыныбында  "Тәуелсіздік-тірегім" атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындырумен қатар, патриоттық, Отансүйгіштік сезімдерін дамытуға және ел бейбітшілігін сақтау жолында өз үлестерін қосуға шақырды.
"АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ"
10
желтоқсан
2022
"АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ"
   Мектеп директоры Г.А.Пржанованың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ж.Әбибулла әріптестерімен бірге Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен Аңыз» роман-диалог кітабын жан-жақты талқылады.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
10
желтоқсан
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
   "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8"Г"сынып оқушысы Рахимбердиева Аяна 7"Ғ"сынып оқыушыларына қаhарман қолбасшы әрі көрнекті қаламгер Бауыржан Момышұлының кітаптарынан үзінділер оқып талқылады. Оқушылар үзіндіден алған ойларымен бөлісіп, өзара пікірталасты.
"ТАЛАБЫ МЕН ЕҢБЕГІ ЕКІ ЖАҚТАП..." АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
09
желтоқсан
2022
"ТАЛАБЫ МЕН ЕҢБЕГІ ЕКІ ЖАҚТАП..." АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
     Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Абдуллаеваның ұйымдастыруымен 6"Б" сынып ұл балалар арасында "Талабы мен еңбегі екі жақтап..." атты білгірлер сайысы өткізілді. Сайыста оқушылар сабақтан алған өз білімдерін, ой ұшқырлығын, шапшаңдығын, ұжыммен біріге істеген жұмыстың нәтижесін көрсетті. Сабақ барысында оқушылар топ-топқа бөлініп, 1-орын "Ойшылдар", 2-орын "Қыран", 3-орын "Самұрық" тобы иеленді. Мектеп директоры жеңімпаздарды құттықтап, мадақтамамен марапаттады.
"АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК"
08
желтоқсан
2022
"АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК"
  Тарих пәні мұғалімі Н.Е.Серкебаева Құқық пәнінен 9"А" сынып оқушыларымен "Азаматтық құқықтағы міндеттемелер мен жауапкершілік" тақырыбында Lesson study өтті. Сабақта "Кім жүйрік" ойыны, өзіндік, жұптық және топтық жұмыстар жүргізіле отырып, азамматтық құқықтағы міндеттемелер мен жауапкершілік және оны қамтамассыз ету әдістері туралы түсіндірме берілді.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
08
желтоқсан
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 5"Б" сынып жетекшісі Әбдіқалық Жансая оқушыларымен Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын оқып, "Шеше мен бала" әңгімесіне ерекше тоқталып, өзара талқылады.
"САЛТ-ДӘСТҮРІМ ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
07
желтоқсан
2022
"САЛТ-ДӘСТҮРІМ ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге,  ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу, ұлттық  құндылықтардың өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңіру, өз ұлтына,  әдеп-ғұрып , салт- дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 8«Б» сынып жетекшісі Г.Сауганова оқушыларымен "Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым" тақырыбында тәрбие сағатын  өткізді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өздерінің дайындаған ән,
"Абай жолы" роман - эпопеясы бойынша ашық сабақ өткізілді.
06
желтоқсан
2022
"Абай жолы" роман - эпопеясы бойынша ашық сабақ өткізілді.
   Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.А.Қосибаева 9«А» сынып оқушыларымен М.О.Әуезовтың "Абай жолы" роман - эпопеясы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақ барысында бейнебаяннан көрініс көрсете отырып, сұрақ - жауап, кітаппен жұмыс жүргізілді. Сабақтың мақсаты, «Абайды тани алмаған қазақ, дүниені де танып жарытпайды», -деген мақсатта Абайдың адами қасиеттеріне тоқтала отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, өз бетімен іздене білуге, ой қорыта білуге жетелеу...
"СЫРҒАЛЫ СЫРЛАСЫМ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
03
желтоқсан
2022
"СЫРҒАЛЫ СЫРЛАСЫМ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп психологы Жұмахметова Гүлмира мен география пәні мұғалімі Исашова Мақпал 10 «Ә» сыныбының қыз балалары мен аналарына “Сырғалы сырласым” тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: анасы мен қызының қарым - қатынасын нығайту, бір - бірімен жақсы сырлас, дос бола білуге ықпал ету. Тренинг барысында сауалнама алынып, ана мен қызының бір-бірін түсіне білуге, сырласуға және осы өмірде бар болғандары үшін алғыс айтуға арналған жұмыстар жүргізілді.