27
қаңтар
2023
«МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАЙ БІЛЕЙІК» ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТТІ
Педагог - психолог К.Б.Жолдас 10 «Ә» сынып оқушыларымен «Мамандықты дұрыс таңдай білейік» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында «Ми шабуылы» — ой қозғауы, «Қол- мидың жалғасы» әдістемелері, «Импульс» ойыны және мамандыққа байланысты видеоролик көрсетілді. Тренингтің мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру. Тренинг соңында оқушылар алған жақсы әсерлерімен бөлісті.


