Іс-шаралар » Страница 29 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"АНА-ГҮЛ, АНА-ЖЫР, АНА-ӨМІР ШУАҒЫ" АТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
07
наурыз
2023
"АНА-ГҮЛ, АНА-ЖЫР, АНА-ӨМІР ШУАҒЫ" АТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
      Бастауыш сынып мұғалімі Коккузова Гулжамила Абитаевна 1 "Б" сынып оқушыларымен «Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы» деп аталатын ертеңгілігін өтті. Ертеңгілік барысында сынып оқушылары «Ана, ата, әже» тақырыптарында өлең шумақтарын жатқа айтып, бірнеше әндер орындады. «Әжесі мен Бағлан», «Анасы мен қызы», «Қарт пен бала» атты сахналық көріністер қойылды. Балалар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі-аналар екенін, сондай-ақ аналардың анасы, өмір ұстазы, мейірім нұрын
“МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОРТАМ” АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
06
наурыз
2023
“МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОРТАМ” АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
           Мектебіміздің педагог - психологы Г.М.Шынтаева және 7«Г» сынып жетекшісі Г.Орынбаева оқушыларымен «Мен және менің ортам» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Мақсаты: сыныптың ұйымшылдығын арттырып, топпен жұмыс жасауға бейімдеу. Оқушылардың бойына  жақсы мінез-құлықты сіңіртіп, өз ортасын сыйлап, құрметпен қарауға, өз ойын жеткізуге бейімдеу және бір-біріне деген жанашырлықты қалыптастыру.
1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!
01
наурыз
2023
1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!
  Бүгінгі көктемнің алғашқы күні - мейірім мен жылулық, сыйластық бастауына  айналған "Алғыс айту" күнінде  баршаңызға  алғыс айтамыз! Еліміз тыныш, тұғырымыз биік болсын!
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
27
ақпан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6 "Д" сынып оқушылары Құмарбек Назерке мен Талғат Томирис 4"Ә"-сынып оқушыларына "20 минуттық кітап оқу" іс-шарасын өтті. Шара барысында Ыбырай Жақаевтың "Күріш туралы сыр" әңгімесін оқып, балаларды еңбек етуге, үлкенді құрметтеуге үйрете отырып, кейіпкер туралы ойларымен бөлісті. Оқушылар ақ күріштің пайдасы туралы жарыса айтып, еңбек туралы мақал-мәтелдердіде жатқа айтты.
"БІЗ-БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ
25
ақпан
2023
"БІЗ-БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ
      Мектеп психологы Гүлмира Жұмахметова мен логопед Раушан Ашықбаевалар логопедиялық түзету сабақтарын алатын оқушылары мен ата-аналарына “Біз-бақытты баламыз” тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың “С”, “З”, “Ш”, “Ж”, “Л”, “Ң”, “Р” дыбыстарын дұрыс айтуға машықтандыру және танымдық процестерін дамыту. Оқушылар тренингте тапсырмаларды  көңілді әрі қызығушылықпен орындап отырды.
"ТАТУЛЫҚ, ДОСТЫҚ-БИІК ШЫҢЫ БІРЛІКТІҢ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТТІ
22
ақпан
2023
"ТАТУЛЫҚ, ДОСТЫҚ-БИІК ШЫҢЫ БІРЛІКТІҢ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТТІ
      Мектеп директоры Г.А.Пржанова және педагог-психолог Г.М.Шынтаева 7«Ғ» сынып оқушыларымен “Татулық, достық - биік шыңы бірліктің” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді.  Мақсаты: сыныптың ұйымшылдығын арттырып, топпен жұмыс жасауға бейімдеу. Оқушылардың бойына татулық, мейірімділік, бір-біріне деген жанашырлықты қалыптастырып, өзге сыныптарға жақсы тәрбиелерімен, білімдерімен үлгі бола білуді үйрету. 
КЕЗЕКТІ «ДУБЛЕР КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ.
22
ақпан
2023
КЕЗЕКТІ «ДУБЛЕР КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ.
    Мектебімізде кезекті «Дублер күні» өткізілді. Ай сайын үрдіске айналған «Дублер күні» жоғары деңгейде өткізілді. Оқушыларымыз ұйымдастыру жұмыстарына және сабақтарды өту әдістемесі мен білім алушылармен тіл табыса сабақ өтуге машықтанған.  Мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру, білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
18
ақпан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6«д» сынып оқушылары Ж.Абдукалик және Қ.Ақылбай 5"Д" сынып оқушыларымен Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесін оқып, Қожа бейнесін, қазақ балалар әдебиетінің әлі күнге дейін қызығушылығын жоғалтпаған кейіпкерді талдап, өз ойларын ортаға салды. Сол кездегі балалардың өмірге қызығушылықтарын қазіргі заманмен салыстырып, өздері секілді достарын осы шығармамен таныстырып, оқып шығуға кеңес берді.
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
17
ақпан
2023
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
     Мектеп директоры Г.А.Пржанова  мен педагог - психолог Г.Жұмахметова ҰБТ тапсырушы оқушылардың ата-аналарына арналған психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты, ата-аналар өз балаларына  ҰБТ тапсыруға дайындық барысында  қолдау көрсетіп, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуға ықпал ету.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА...
15
ақпан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА...
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі пәні мұғалімі Бегимбетова Салтанат мектеп мұғалімдері арасында З.Ахметованың "Шуақты күндер" тақырыбында оқуға құштар өтті.      Ұлы Отан соғысында гвардия полковнигі болған Бауыржан Момышұлының өміріне арналған естелік кітапты мұғалімдер талқылап, атамыздың соғыстан кейінгі өмірі айтылып, басқа да қырлары ашылды. Мақсаты, жалпылама отбасылық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптеу.