03
мамыр
2023
"БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ"
“Мейірім-жүректен” атты айлық жоспарына сәйкес мектебіміздің педагог-психологы Г.Жұмахметова 4”г” сынып оқушыларының ата-аналарына “Буллинг және Кибербуллингтің алдын алу” тақырыбында тренинг жүргізді. Мақсаты, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсау факторлерін болдырмау және оқушыларды буллинг және кибербуллинг құрбаны болудан сақтандыру. Тренинг барысында ата-аналарға тақырып бойынша слайдтар көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар баласы буллинг, кибербуллинг құрбаны болған жағдайда қандай қолдау көрсету керек екендігі жөнінде кеңес беріліп кеспе қағаздар таратылды.






