Іс-шаралар » Страница 2 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ»
25
сәуір
2025
«ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ»
      №68 жалпы орта білім беретін мектепте Ұлттық кітап күніне орай бастауыш сынып оқушыларына арналған "Жақсы кітап — жан азығы" атты танымдық іс-шара өтті. Мақсат - оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалар түрлі-түсті журналдармен, қызықты кітаптармен танысып, мазмұны жайлы ой бөлісті. Өз қиялдарын сурет арқылы жеткізіп, кітап әлеміне жақындай түсті. Іс-шара соңында кітапхана қорымен танысып, кітап оқуға деген ерекше ынта білдірді. Жылы
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
23
сәуір
2025
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
      "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында №68  жалпы орта білім беретін мектебінің  кітапхана меңгерушісі Л.Ж.Лауланбекова мен 1 «Ә» сынып жетекшісі К.А.Достаева оқушыларымен мектеп кітапханасында «Кітапханаға саяхат!» атты іс-шара өткізіп, өздеріне лайықты кітаптармен танысып, ертегілер тыңдады.        Мақсаты: кітап әлемi туралы түсiнiк берiп, кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін, ұғындыру, бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапты сүюге,
ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ!
21
сәуір
2025
ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ!
    №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 5, 6, 7 сыныптарымен  Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде!» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді. Тәрбие сағаты басталмай тұрып,  оқушылар бір минуттық үнсіздік жариялап,  жеңіс жолында құрбан болған аталарымызды, ағаларымызды еске алып, оларға құрмет көрсетілді.  Ашық тәрбие сағатында оқушыларға соғыстың қалай, қашан басталғаны туралы, сонымен қатар, жеңіс жолында қасық қанын қиған ата- бабаларымыздың ерліктері айтылды.  Балалар
"Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі"
16
сәуір
2025
"Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі"
  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындық және оны мерекелеу мақсатында "Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" атты іс-шаралар жоспары аясында 8 "Г" сынып оқушылары Сабыр Рахымов атындағы Жеңіс саябағына тарихи саяхат жасады. Бұл саяхаттың басты мақсаты – оқушыларға соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлықты сезіндіру, тарихты терең түсініп, ұрпақ жадында сақтау. Жеңіс саябағы – батырлардың есімін жаңғыртып, олардың ерлігін болашақ ұрпаққа үлгі етіп көрсететін қасиетті мекен. Саяхат
«Ғарышкерлер көктемі» атты тәрбие сағаты
14
сәуір
2025
«Ғарышкерлер көктемі» атты тәрбие сағаты
«Ғарышкерлер көктемі» атты тәрбие сағаты №68  жалпы орта білім беретін мектептің 3 “В” сыныбында 12-інші сәуір-Халықаралық авиация және Ғарышкерлер мерекесіне орай «Ғарышкерлер көктемі» атты тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты:Оқушыларға ғарышкерлердің қызметі, ғарыш ғылымының маңызы, Қазақстанның ғарыштық жетістіктері туралы түсінік беру; Оқушылардың ғарышқа деген қызығушылықтарын арттырып, еңбекқорлыққа, батылдыққа тәрбиелеу ; Тәрбие сағаты барысында ғарышкерлердің еңбегін құрметтеуге
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
11
сәуір
2025
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
    №68 жалпы орта білім беретін мектебінде   7 "А" сынып жетекшісі Айгүл Балажанова  оқушыларымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Халед Хоссейнидің  "Батпырауық қуған бала" романын талқылады.    Мақсаты: 1. Адамгершілік пен кешірімнің маңызын көрсету;  2. Достық пен сатқындықтың белгісін көрсету;  3. Өз қателігіңді мойындай білу 4. Отбасы мен тұған жердің маңызын ұғындыру. Бұл роман - тек қана оқиға емес, ол - өмірлік сабақ.Ол бізге жақсылық жасауды, кешіре білуді және шын дос болуды
Ашық есік күні  өткізілді
09
сәуір
2025
Ашық есік күні өткізілді
"Психологиялық  қолдау  орталығы" мамандарының  қатысуымен  жасөспірімдерге  психологиялық  қолдау  көрсету мақсатында  №68 жалпы  орта  білім  беретін мектебінде  10.04.2025 ж. күні "Ашық есік" күні  өтетінін  хабарлаймыз.
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП жалғасын табуда
03
сәуір
2025
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП жалғасын табуда
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Елгондиева Сайран 7 "Г" сынып оқушыларымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Зүлиханың оянуы"  шығармасын талқылады.    Мақсаты: 1. Көркем шығарманы  түсіну және талдау – оқушылардың әдеби талдау дағдыларын дамыту, шығармадағы негізгі идеялар мен тақырыптарды ұғыну. 2. Тарихи сананы қалыптастыру – романдағы тарихи оқиғалар арқылы оқушыларға өткен ғасырдағы қоғамдық өзгерістерді түсіндіру. 3. Оқуға деген
«Мұғалімдер спартакидасы»
03
сәуір
2025
«Мұғалімдер спартакидасы»
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы» - қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен жалпы орта білім беру мекемелері арасында «Мұғалімдер спартакидасының» қалалық кезеңінде Шахмат спорт түрінен сайысқа қатысып, №68 жалпы орта білім беретін мектебі ІІІ орын иеленді. Мектебіміздің мұғалімдері  А.Баетова, А.Иманқұлов, А.Абуовтар жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 
"Көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру"
02
сәуір
2025
"Көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді
"Көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру" жоспарына сәйкес  "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты интеллектуалды ойындарды 7 сыныптар арасында А.Балажанова, Г.Көкенова, С.Майлышевалар  ұйымдастырды. Мақсаты: Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа  тәрбиелеу. Мақал-мәтел тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Оқушылар өте белсенді қатысып жауап беріп жарысты.