"Көңілді балапандар" ән байқауы өткізілді » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Көңілді балапандар" ән байқауы өткізілді
05
маусым
2025

"Көңілді балапандар" ән байқауы өткізілді

  №68 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан ашылған балалардың демалыс, сауықтыру лагерінде "Көңілді балапандар" ән байқауы өткізілді. 
Мақсаты: балаларды өнерге, сахна мәдениетіне баулу, вокалдық қабілеттерін дамыту, сенімділікке тәрбиелеу. Достыққа шақыру.
Әр топтан екі ән  орындаушылар қатыстырылды. Байқау жақсы деңгейде өтті..Балалар ән айту шеберліктерімен, өзін-өзі ұстауымен, таланттарымен көзге түсті. Байқау балаларға шабыт сыйлады. Нәтижесінде: Бас жүлдені- "Балдырған" тобының әншісі Ахмет Айжарқын иеленді. Айжарқынның орындауындағы "Маленькая страна" әні көпшіліктің көңілінен шықты. 
1-орынды - "Күншуақ" тобының әншісі Жәнібек Нұрсұлтан "Менің әкем" әнімен иеленді. 
2-орынды- "Көгершін" тобының әншісі Төлеген Айжұлдыз "Аққұс" әнімен және Полатбек Еркеназым "Мен әдепті баламын" әнімен  "Жауқазын" тобының әншілері Бахытқызы Имана мен Амангелді Айкөркемдер "Үйретеді" әнімен иеленді.
3-орынды "Қызғалдақ" тобының әншісі Анель Амирхан "Қағаз кеме" әнімен,  "Қызғалдақ" тобының әншілері Ермекбай Раяна,  Жамалбек Айжұлдыз, Нұржан Шұғыла "Биле, биле" әнімен және "Қыран" тобынан Есіркеп Ұлдана "Туған өлке" әнімен жүлделі орындарды иелініп, балалар мадақтамамен  марапатталды. Байқауға қатысушылар патриоттық,  заманауи, және қазақ әндерін орындап, өз өнерлерін барынша көрсетіп, күндерін  қуанышты көңіл-күйде аяқтады.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив