22
маусым
2023
"СЕН ДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ, КЕТІГІН ТАП ТА БАР ҚАЛАН"
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде "Қош бол ұстаз, алтын ұя мектебім!" атты дәстүрлі түлектерімізге аттестат тапсыру рәсімі өткізілді. Биылғы оқу жылында 11 сынып оқушыларынан 71 түлек мектеп қабырғасынан ұшқалы тұр. Олардың қатарында 1 оқушы "Алтын белгі" иегері атанса, 7 оқушы "Үздік аттестатпен" марапатталды. "ТҮЛЕК—2023—Қазақстанның ертеңі" ұранымен ұйымдастырылған іс шарада мектеп директоры Г.А.Пржанова үлкен өмірге қанат қаққан жастарды құттықтап, аттестат тапсырды. Ата-аналар өздерінің әсерлі лебіздерін білдірді. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» демекші бітіруші түлектерге ашық жол тілейміз! АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК!