07
наурыз
2023
"АНА-ГҮЛ, АНА-ЖЫР, АНА-ӨМІР ШУАҒЫ" АТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
Бастауыш сынып мұғалімі Коккузова Гулжамила Абитаевна 1 "Б" сынып оқушыларымен «Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы» деп аталатын ертеңгілігін өтті. Ертеңгілік барысында сынып оқушылары «Ана, ата, әже» тақырыптарында өлең шумақтарын жатқа айтып, бірнеше әндер орындады. «Әжесі мен Бағлан», «Анасы мен қызы», «Қарт пен бала» атты сахналық көріністер қойылды. Балалар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі-аналар екенін, сондай-ақ аналардың анасы, өмір ұстазы, мейірім нұрын шашқан асыл әжелерімізге ұзақ ғұмыр тілеп, «Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі» екенін атап өтті. Ертеңгілік өте қызықты өтті.