24
қараша
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева және кітапханашы Л.Лауланбекова 8 «Ә» сынып оқушыларымен "20 минуттық оқу" өткізді. Жамбулбек Асылзат Николай Носовтың «Дымбілместің айға саяхаты» кітабының қызықты тұстарын айтса, Әмірбай Балауса осы автордың «Дымбілмес күн қаласында» кітабы туралы ойын айтып өтті. Құдретәлі Бибінұр түрік авторы Гузел Яхинаның «Зулейханың оянуы» кітабын оқуға кеңес берді. Барлық оқушы өз ойларын айта отырып, бос уақытты тиімді өткізу үшін кітап оқуға шақырды.










