06
қазан
2022
Өмірбаева Айгул Абдуллақызы 10 "А"сынып оқушыларымен "Қылмыссыз жарқын болашақ " тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мектебімізде "Қылмыссыз балалық шақ" атты онкүндік жоспары аясында, 10 «А» сынып жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өмірбаева Айгул Абдуллақызы оқушыларымен "Қылмыссыз жарқын болашақ " тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Соңғы кезде жасөспiрiмдер мен мектеп оқушылары арасында болып жататын келеңсiз жағдайлардың жиiлеп кеткенi, оның соңы заң бұзушылыққа әкеп соғатыны туралы айтып, ҚР құқық бұзушылық Кодексімен таныстырды. Қылмыс қайдан шығады? Оны болдырмаудың жолдары қандай? деген сұрақтар төңiрегiнде оқушылар ойларын ортаға салып, пiкiрлерін айтты. Мақсаты: кәмелетке толмаған жасөспiрiмдер арасындағы қылмыстың алдын алу. 






