05
наурыз
2022
«БАЛАЛАР ҚЫЛМЫСЫ: ҰРЛЫҚ ПЕН БОПСАЛАУ» профилактикалық іс-шарасы
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар арасында құқықбұзушылықтың, қылмыстық, тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында «Балалар қылмысы: ұрлық пен бопсалау» тақырыбында профилактикалық іс-шара өтті. Қаратау АПБ-нің учаскелік полицейі Көшкінбаев Бақберген аға лейтенанты сөз алып, кәмелетке толмаған балалар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың, нашақорлықтың , өз-өзіне қол жұмсаудың, кибербуллингтің алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



