01
қазан
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жалғасын табуда
Мектепте "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі пән мұғалімі Н. Шанетованың ұйымдастыруымен 10 Б-сыныбының оқушылары Б.Тұрғынбай және Э.Игембердиева жазушы Шыңғыс Айтматовтың "Алғашқы ұстаз" повестінің сюжет желісі бойынша өмірімен байланыстыра отырып шығарманы талдады. Оқушылар өмір құндылықтары, ұстаздың, ата-ананың қадірін білу, шығармадан алған әсерлері туралы өз ойларын еркін жеткізе білді. Бүгінгі шараның басты мақсаты оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, шығармадағы құндылықтарды өмірде іс жүзінде асыра білу.





