26
қыркүйек
2022
"Тіл-ұлттың кепілі" атты онкүндік іс-шара өткізілді.
Қазақстан тілдер мерекесі күніне арналған "Тіл-ұлттың кепілі" атты онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ғ.Сабырбекқызы, А.Өмірбаева, Ж.Абылаева сыныптан тыс сабақ ұйымдастырды. 4-сынып оқушылары "Шалқан" ертегісін қойып, сол ертегідегі кейіпкерлердің рөлін ойдағыдай сомдап шықты. Тіл туралы өлең шумақтарын қазақ тілі мен орыс тілінде мәнерлеп оқып, би билеп, ән салды. Әдістемелік бірлестік жетекшісі АбдрашоваТанзиля Оразалиевна оқушыларға шығармашылық табыс тілеп, қатысқан оқушыларға алғысын білдіріп, одан әрі үлкен сахналарда көріне берулеріне тілектестігін білдірді.










