22
сәуір
2022
"Күнді іздеген достар" ертегісінің қойылымы болды
Бүгін №68-мектептің 2"А"-сыныбында театр апталығына орай "Күнді іздеген достар" ертегісінің қойылымы болды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: оқушыларды сахна өнеріне баулу, кейіпкерлердің ішкі сезімін ұғындыру, әсемдікке, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сөздік қорларын дамыту. Ертегі барысында оқушылар кейіпкерлердің образын жақсы сомдап шықты. Сынып іші талапқа сай безендірілген. Оқушылар ертегіні мәнерлеп, рөлге кіре орындады. Қойылым музыкасы, билері баланың көңілдерін көтеріп, қуаныш сезімдерін сыйлады. Ертегінің негізгі ойы достық екенін, достар әрқашан бірге болу керектігін ұғынды.Ертегі балаларға, көрермендерге ұнады. Көрініс баршаға жақсы көңіл-күй сыйлады.




