2025.26.05.күні №68 жалпы орта білім беретін мектеп жанынан "БАЛДӘУРЕН" жазғы сауықтыру алаңының ашылуы болды » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025.26.05.күні №68 жалпы орта білім беретін мектеп жанынан "БАЛДӘУРЕН" жазғы сауықтыру алаңының ашылуы болды
27
мамыр
2025

2025.26.05.күні №68 жалпы орта білім беретін мектеп жанынан "БАЛДӘУРЕН" жазғы сауықтыру алаңының ашылуы болды

  Білім басқармасының 2025 жылғы 21 мамыр күнгі №294 н/қ санды хаты,  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің  "2024-2026 жылдарға арналған жазғы каникул кезіндегі балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйвмдастыру жөніндегі" әдістемелік ұсынымға сәйкес "Балдаурен" лагері де өз жұмысын бастады.
2025.26.05.күні №68 жалпы орта білім беретін мектеп жанынан "БАЛДӘУРЕН" жазғы сауықтыру алаңының ашылуы болды. 
Мақсаты: балалардың демалысы мен сауықтырылуын   дұрыс ұйымдастыру, шығармашылығы мен танымдық қабілеттерін дамыту. Жаз мезгілі балалардың уақытын көңілді, тиімді, қызықты етіп өткізетін мезгіл. Балалардың жаңа достар тауып, өз қабілеттерін шыңдайтын кез. Жаңа алаң -балалардың денсаулығын да қалпына келтіріп, жыл бойы кеткен күштерін толықтыруға да мүмкіншілік береді. Балаларға тәрбиешілер қамқорлықпен қарап, ой-өрістерінің дамуына  жағдай жасауда. Мектеп жанынан ашылған алаңға келген балалар күнді таңертеңгілік жаттығу жасаудан бастап, Лагерьдің салтанатты ашылу іс-шарасына ұласты. Жиын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранын шырқаумен ашылды.Салтанатты жиынды  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Альжанов ашып, балаларды жазғы лагерьдің ашылуымен құттықтады. Лагерь басшысы Г.Ж.Абуова алдағы уақыттағы бағдарламамен таныстырып, демалысты көңілді өткізуге шақырды. Жиын барысында оқушылар көңілді ән шырқап, би билеп өнерлерін көрсетті. Топ жетекшілерінің басшылығымен балалар топ атын, ұрандары мен эмблемаларын қорғады.Салтанатты жиыннан кейін балалар топ жетекшілерімен өз топтарына барып жоспар бойынша, "Кел,танысайық!" ойыны мен танымдық сабақтарын өтті. Топ жетекшілері лагерьдің күн тәртібі мен қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Балалар таза ауада қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады. Балалардың лагерьдегі алғашқы күндері есте қаларлықтай, керемет көңіл-күйде өтті.







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив