26
қаңтар
2023
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Мектебімізде кезекті "ҰЛДАР КЕҢЕСІ" өткізілді. Қонаққа Қаратау АПБ Жергілікті учаскелік полиция қызметкері полиция аға лейтенанты Көшкінбай Бақберген Нұрлықасымұлы шақырылып, жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткінің (темекінің) зияны және әлеуметтік желілер арқылы келетін түрлі әрекеттер (есірткінің таралуы, кибербуллинг, ойын түрлері т.б) туралы айтылып, алдын алу шаралары бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.





