"АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
11
наурыз
2025

"АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

    1"А" сынып жетекшісі Г.Ж.Абуова  оқушыларымен "АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. 
    Мақсаты: білім алушыларға ананың бала өміріндегі маңызын түсіндіру, ананың еңбегін бағалап, құрмет көрсету, анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу. 
    Тәрбие сағаты барысында білім алушылар ана, әже, апа, ұстаз туралы өлең шумақтарын оқыды. Бір топ оқушылар "МАМА" әнін орындап, хормен "Анашым, анажаным" әнін аналарына тарту етті.     
     Сонымен қатар, "Ана" туралы бейнебаян көріп, талдау жасалды. Слайдтармен жұмыс жүргізіліп, балалар өмірдегі  ананың алатын орнын білді. Үлкенге құрметпен қарап, еңбектерін бағалау керектігін түсінді. Тәрбие сағатының соңында ер балалар сынып қыздары мен аналарды құттықтап, өз қолдарымен, шығармашылықпен дайындаған ашық хаттарын сыйға тартты. Сыныптың іс-шараға безендірілуі эстетикалық талапқа сай  болды және жоғары деңгейде өтілді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив