Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтеді
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 11-15 ақпан аралығында елордада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтеді. Фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастық алаңына айналады. Жұмысшы мамандықтары қаласының қонақтары арнайы тақырыптық көшелерді аралап, таныса алады: тау-кен, металлургия көшесі, машина жасау және көлік көшесі,