Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушыларына арналған оқу-дала жиыны басталды. » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушыларына арналған оқу-дала жиыны басталды.
19
мамыр
2025

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушыларына арналған оқу-дала жиыны басталды.

   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушыларына арналған оқу-дала жиыны басталды. 
2025 жылдың 19–23 мамыр аралығында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мектептердің 10-сынып оқушылары үшін оқу-дала жиыны өткізілуде.
 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайту, әскери және азаматтық жауапкершілікке баулу.
Жиын барысында ұл балаларға арналған әскери-практикалық сабақтар ұйымдастырылады. 
Бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды:
Саптық дайындық: «Әскери сәлемдесу», «ық тәсілдер мен қарумен орындалатын іс-қимылдар» тақырыптары бойынша практикалық жаттығулар;
Тактикалық дайындық: «Бөлімшенің ұрыстық жорықтық орналасу тәртібі», «Қорғаныстағы сарбаз», «Шабуылдағы сарбаз» тақырыптары бойынша жаттығулар;
Атыс дайындығы: Пневматикалық винтовкамен нысанаға ату, жарықшақты қол гранаталарын лақтыру тәсілдері, Калашников автоматын жартылай бөлшектеу мен жинақтау;
Қорғаныш құралдарын қолдану: Жеке қорғаныс құралдарын, оның ішінде газқағар кию нормативтері;
Азаматтық қорғаныс негіздері: Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға үйрету.
Қыз балалар алғашқы медициналық көмек көрсету, медициналық даярлық және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша арнайы сабақтарға қатысады.
Оқу-дала жиыны бес күнге жоспарланған және оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруға, сонымен қатар әскери және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.


















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив