10
ақпан
2025
"МҰҚАҒАЛИ МӘҢГІЛІК - ҒҰМЫР" АТТЫ ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.Калмурзаева мен Н.Бейсенбекова Мұқағали ақынды еске алуға арналған «Мұқағали мәңгілік-ғұмыр» атты әдеби-сазды поэзиялық кеш өткізді.
Кештің мақсаты: ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
Әдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.
Ақынның туған күні қай жерде болмасын жыл сайын ақырған ақпан айында тойлана беретіні хақ. Бұл – жұмыр жер мен дөңгелек уақыт көрсеткішінің белгісі. Еске алу немесе поэзия кеші емес, құдды бекітіліп берілген атаулы мереке санатына қосылғандай, жылдағы қайталанар үрдіс пен дәстүрге айналғалы қашан!?
Поэзиялық кешке оқушылар Мұқағали ақынның өлеңін нақышына келтіріп оқыды.