Мероприятие » Страница 41 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
"Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ"  тақырыбында тәрбие сағаты
18
ноябрь
2022
"Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие
    5"А" сынып жетекшісі Ж.Калмурзаева және 5"Ә" сынып жетекшісі Г.Ускенбаева "Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ"  тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты, оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат бере отырып, әдепті де, тәрбиелі тұлға болып өсуіне ықпал ету.
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР" АТТЫ АПТАЛЫҚ ӨТКІЗІЛДІ
18
ноябрь
2022
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР" АТТЫ АПТАЛЫҚ ӨТКІЗІЛДІ
    Тарих және география бірлестігі "Білім көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында апталық өтті. Бірлестік мұғалімдері Н.Серкебаева және М. Исашова 9"Б"сынып оқушыларымен "Өлкетану мұражайына саяхат" тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты, мұражай туралы толық мағлұмат беру және тарихи дерек көзі ретіндегі маңызын айқындау. Школьникам Отаншылдық, ұлтжандылық, эстетикалық тәрбие беру  және мәдени құндылықтарымызды қастерлеп, өскелең ұрпаққа насихаттау.
"ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР"
18
ноябрь
2022
"ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР"
   20 ноябрь - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ" атты Республикалық онкүндік аясында, «ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР» тақырыбында 5-8 сынып оқушыларының арасында шығармашылық көрме ұйымдастырылды. 
"БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ" АПТАЛЫҒЫ
18
ноябрь
2022
"БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ" АПТАЛЫҒЫ
"Бала құқығы - адам құқығы" апталығы аясында қазақ тілі пәні мұғалімі Н.Шанетованың ұйымдастыруымен 10«Б» сыныбында "Менің құқығым!" тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды. Эссе жазудағы мақсат, оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.
"ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ—МӘНШҮК"
17
ноябрь
2022
"ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ—МӘНШҮК"
 "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханасында, Мәншүк Маметованың 100 жылдығына орай, «Қазақ даласының қайсар қызы— Мәншүк» библиографиялық шолу іс-шарасын кітапханашылар Х.Қуашбаева, Л.Лауланбекова және 8"б" сынып жетекшісі Г.Саугановалар ұйымдастырып өткізді. Оқушылар Кеңес Одағының батыр қызы Мәншук Маметованың өмірбаянымен танысып, батыр қыздың ерлігін еске ала отырып, ерлік туралы өлең тақпақтар айтып, өздерінің оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті.
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
17
ноябрь
2022
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхана активтері, 9«Г» сынып оқушылары Сейдуалы Жібек және Төребек Алтынай 4«В» сынып оқушыларымен «Тіл мен маймыл» ертегісін оқып талқылады. Оқушылар ертегіні оқып, кейіпкерлерді сомдай отырып, дауыс ырғағын салып ертегі туралы өз ойларын ортаға салды.
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ!" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
17
ноябрь
2022
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ!" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
     Мектеп директоры Г.А.Пржанова және мектеп психологтары Г.Жұмахметова, Г.Сахидқызы мектебімізге жаңадан келген оқушылармен “Біз, бәріміз доспыз!” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.Тренингті өткізудегі мақсат: жаңадан келген оқушылардың мектепке, сыныбына тез бейімделіп , барлық сыныптастарымен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, достықты бағалай білуге үйрету.
15-ноябрь Ұлттық валюта күніне орай,  Тәрбие сағаты өткізілді
17
ноябрь
2022
15-ноябрь Ұлттық валюта күніне орай, Тәрбие сағаты өткізілді
15-ноябрь Ұлттық валюта күніне орай 2 «В» сынып жетекшісі М.Қилыбаева тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен оқушыларды таныстыра отырып, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
"ЖАУАПТЫ АДАМ БОЛУ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
16
ноябрь
2022
"ЖАУАПТЫ АДАМ БОЛУ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
    Мектеп директоры Г.А.Пржанова 11-сынып оқушыларымен «Жауапты адам болу» тақырыбында тренинг сабақ өтті. Тренинг өткізудегі мақсат, оқушылардың қоғам алдындағы өзіне жүктелген жауапкершілікті орындауын, ісінің сәтті болуы, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болуын түсіндіру.
«Қыз Жібек» клубының тренингі өткізілді
16
ноябрь
2022
«Қыз Жібек» клубының тренингі өткізілді
    «Қыз Жібек» клубының төрайымы М.Қосыбаева және мүшелері 6,7,9 әскери сынып қыздарымен тренинг өткізді. Тренинг өткізудегі мақсат қазіргі таңда өмірдің үнемі өзгеріп, қоғамның үздіксіз дамып отырған шағында ақыл-ойы озық, білімі мен біліктілігі жоғары, ұлттық рухы күшті жастарды тәрбиелеу.