Мероприятие » Страница 39 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
"Абай жолы" роман - эпопеясы бойынша ашық сабақ өткізілді.
06
декабрь
2022
"Абай жолы" роман - эпопеясы бойынша ашық сабақ өткізілді.
   Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.А.Қосибаева 9«А» сынып оқушыларымен М.О.Әуезовтың "Абай жолы" роман - эпопеясы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақ барысында бейнебаяннан көрініс көрсете отырып, сұрақ - жауап, кітаппен жұмыс жүргізілді. Сабақтың мақсаты, «Абайды тани алмаған қазақ, дүниені де танып жарытпайды», -деген мақсатта Абайдың адами қасиеттеріне тоқтала отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, өз бетімен іздене білуге, ой қорыта білуге жетелеу...
"СЫРҒАЛЫ СЫРЛАСЫМ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
03
декабрь
2022
"СЫРҒАЛЫ СЫРЛАСЫМ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп психологы Жұмахметова Гүлмира мен география пәні мұғалімі Исашова Мақпал 10 «Ә» сыныбының қыз балалары мен аналарына “Сырғалы сырласым” тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: анасы мен қызының қарым - қатынасын нығайту, бір - бірімен жақсы сырлас, дос бола білуге ықпал ету. Тренинг барысында сауалнама алынып, ана мен қызының бір-бірін түсіне білуге, сырласуға және осы өмірде бар болғандары үшін алғыс айтуға арналған жұмыстар жүргізілді.
"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАУҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
03
декабрь
2022
"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАУҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...  деп Абай аавгуст жырламақшы қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар  арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге деніміз мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды
Lesson study сабағы өткізілді
01
декабрь
2022
Lesson study сабағы өткізілді
   9 «А» сынып оқушыларымен биология пән мұғалімі Нурпейсова Ләззат Lesson study сабағын өтті. Сабақтың тақырыбы "Нейронның түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі. Синапстар және медиатор". Сабақта өзіндік, жұптық жұмыс, сәйкестендіру, тест тапсырмалары орындалып, оқушылар белсене қатысты.
"АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
01
декабрь
2022
"АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтасты нығайту, ата-аналарға жаңартылған білім мазмұнының тиімділігін түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы №68 жалпы орта мектебінде ноябрь айының 29 күні 7"ә"-сынып ата-аналары үшін "Ашық есік күні" шарасы өтті. Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.А.Қосыбаева "Постулаты здоровья" атты сабағын өтті. Сабақта бейнебаян көрсетіліп, оқушылар өз ойларын айтты.
"Б.П. Қашықтықтан оқу  жүйесінің зиянынан пайдасы көбірек" тақырыбында дебат өткізілді
30
ноябрь
2022
"Б.П. Қашықтықтан оқу жүйесінің зиянынан пайдасы көбірек"
  30.11.2022ж күні  мектебімізде тарих және қазақ тілі мұғалімдері арасында Американдық парламенттік форматындағы (АПФ) "Б.П. Қашықтықтан оқу  жүйесінің зиянынан пайдасы көбірек" тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: Ойыншылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті мәселелерді талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту. Пән бірлестігінің сенімін арқалаған
"САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!" АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
30
ноябрь
2022
"САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!" АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
  9-11 сынып оқушылары арасында "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!» тақырыбында волейболдан сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша I-орынды 11«А» сынып, II-орынды 11«Ә» сынып, III-орынды 10«Ә» сынып иеленсе, "Лучший ойыншы" номинациясын - Утегенов Қуаныш, "Лучший қорғаушы" номинациясын - Балабек Еркебұлан, "Лучший шабуылшы" номинациясын - Қуандық Есіл иеленді.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
30
ноябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Әжемнің ертегілері" тақырыбында "Асыл әжелер" клубының мүшесі 2"В" сынып оқушыларымен 20 минуттық оқу ұйымдастырды. Әжеміз оқушыларға «Бала айдаһар» ертегісін оқып, балалар ертегіден алған әсерлерімен бөлісті. Ертегілер балаларды білімге құштарлыққа, отансүйгіштікке, ұқыптылыққа, жақсы қасиеттерге баулиды.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
30
ноябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында  5 "в" сынып жетекшісі Н.Дүйсенбаев сынып оқушыларымен Шерхан Мұртазаның "Интернат наны" шығармасын оқып, талқылады. Мақсаты: Шерхан Мұртазаның өмірі туралы мағлұмат беру. Мәтінді оқып, мазмұндау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру. Кейіпкер бойындағы батылдыққа, алғырлыққа, қайсарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
28
ноябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3«А» сынып жетекшісі А.Абдураимбекова оқушыларымен 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырып, өткізді. Оқушылар кітапханадағы қазақ тіліне аударылған шетел жазушыларының ертегілерін оқып, суреттеріне қарап әңгімеледі. Ертегілер оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды.