"КӨҢІЛДІ ЖАЗ”
"КӨҢІЛДІ ЖАЗ” «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының демалушылары демалыс уақытын тиімді әрі көңілді өткізу мақсатында, Шымкент қаласы қуыршақ театрында М.Абай-Ділдәнің «Туған күн» ертегісін тамашалады. Қойылым барысында балалармен қызықты ойындар ойналып, викториналық сұрақтар қойылды. Сахна өнерпаздары демалушылармен көңілді кеш өткізді. Демалыс күндерін театрмен өткізген балапандарымыздың өмірі жарқын болсын!