ЖАЗҒЫ ЛАГЕРГЕ ЦИРК КЕЛДІ!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 ЖОББМ- де «Жазғы мектеп» жанынан ашылған «Балдырған» жазғы сауықтыру лагеріне цирк келді. «Иллюзиялық шоу» деп аталатын шоуда сиқыршы Айтжан Егембердиев, сайқымазақ «Пико» және «Қатипаш» есімді маймыл өнер көрсетті. Кез келген бала циркті жақсы көреді, сол себептен де мектеп залы көрерменге лық толды. Қызықты қойылымнан лагерь тәрбиеленушілерінің ешбірі құр қалмады. Олар сайқымазақпен бірге би билеп, көңіл көтерді. Маймылдың өнеріне тәнті болғандар