Оқушыларға » Страница 8 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ!"
23
маусым
2024
"ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ!"
"ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ!" "Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңы демалушылары "Табиғатты аялайық!" тақырыбында мектеп ауласына саяхат жасады. Демалушы топтар табиғат аясында таңғы жаттығу жасап, табиғатты аялау туралы пікірлерімен бөлісіп, әртүрлі қызықты ойындар ойнап, күндерін  көңілді өткізді.
"НАШАҚОРЛЫҚҚА  ЖОЛ ЖОҚ!“
18
маусым
2024
"НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!“
"НАШАҚОРЛЫҚҚА  ЖОЛ ЖОҚ!“  Мектеп жанындағы "Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңының демалушыларына «Бүкіл дүние жүзілік нашақорлыққа қарсы күрес" күніне орай, «Нашақорлыққа  жол жоқ!» тақырыбында слайд, бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ашық спорт алаңында  эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. Әр топтың жетекшілері  демалушыларға  нашақорлық  туралы түсіндірме жұмыстарын жүгізді. Мақсаты, есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер
"КӨҢІЛДІ ЖАЗ»
18
маусым
2024
"КӨҢІЛДІ ЖАЗ»
"КӨҢІЛДІ ЖАЗ» «Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңының үшінші кезеңі  жұмысын өз деңгейінде өтуде. 2-5 сынып оқушыларымен  қызықты апта күні басталды. Түрлі қызыты ойындар мен викториналық сұрақтар, әндер мен көңілді билер топтамасы ұйымдастырылды.
"КӨҢІЛДІ ЖАЗ”
17
маусым
2024
"КӨҢІЛДІ ЖАЗ”
"КӨҢІЛДІ ЖАЗ” «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының демалушылары демалыс уақытын тиімді әрі көңілді өткізу мақсатында, Шымкент қаласы қуыршақ театрында М.Абай-Ділдәнің «Туған күн» ертегісін тамашалады. Қойылым барысында балалармен қызықты ойындар ойналып, викториналық сұрақтар қойылды. Сахна өнерпаздары демалушылармен көңілді кеш өткізді. Демалыс күндерін театрмен өткізген балапандарымыздың өмірі жарқын болсын!
"Балаларды махаббатпен қорғайық!"
13
маусым
2024
"Балаларды махаббатпен қорғайық!"
"АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ" ДЕКАДАСЫ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы «Алтын балалық шақ" декадасы аясында "Балаларды махаббатпен қорғайық!" ұранымен мектеп жанындағы сауықтыру алаңында демалушылары Асанбай Асқаров атындағы Дендросаябаққа барып түрлі спорттық ойындар ойнап, табиғаты тамаша саябақтың көрікті жерлерін аралады.  Мақсаты, жер, өсімдік, ауа-адам баласының ұрпағынан ұрпағына  мұра болып келе жатқан мол қазына екенін түсіндіріп, оны сақтау, қамқор болу- біздің басты міндетіміз екенін ұғындыру.
ТАБИҒАТ АЯСЫНДА ДОСЫММЕН БІРГЕ КІТАП ОҚИМЫН»
13
маусым
2024
ТАБИҒАТ АЯСЫНДА ДОСЫММЕН БІРГЕ КІТАП ОҚИМЫН»
«ТАБИҒАТ АЯСЫНДА ДОСЫММЕН БІРГЕ КІТАП ОҚИМЫН» «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының демалушылары 11-маусым күні қаламыздағы Асанбай Асқаров атындағы Дендросаябаққа саяхат жасап барып келді. Саябақта «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Досыммен бірге кітап оқимын» челленджіне демалушы оқырмандарымыз қатысып, өзара пікір алмасып,   таза ауада демалыс уақытын тиімді әрі керемет өткізді.
"Досыңа қуаныш сыйла" және "Менің сүйікті ойыншығым"
13
маусым
2024
"Досыңа қуаныш сыйла" және "Менің сүйікті ойыншығым"
“ДОСЫҢА ҚУАНЫШ СЫЙЛА” "Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңының балалары "Досыңа қуаныш сыйла" және "Менің сүйікті ойыншығым" тақырыбында қағаздан ойыншықтар жасап, бір-біріне сыйлады. Іс-шараның негізгі мақсаты: балаларға достық ұғымының мағынасын түсіндіру, өзара қамқорлық пен сыйластыққа үйрету, бір-біріне құрмет әдебін қалыптастыру.
“ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ДҰРЫС ДАҒДЫЛАРДЫ  ЖЕТІЛДІРУ”
11
маусым
2024
“ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ДҰРЫС ДАҒДЫЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ”
Төтенше  жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының тапсырмасына сәйкес, жазғы  сауықтыру  алаңының  демалушыларына “ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ДҰРЫС ДАҒДЫЛАРДЫ  ЖЕТІЛДІРУ” мақсатында үш тілде ақпараттық- анықтамалық бейнероликтер көрсетілді. Бейнероликтер арқылы  жойқын  жер  сілкінісі салдарынан  болуы  мүмкін  жағдайларда  жеке  адамдардың  іс-әрекеті қандай  болуы керек  екендігі және алғашқы санитарлық көмек түрлері түсіндірілді.
«Бірлік–тірлік тірегі!»
11
маусым
2024
«Бірлік–тірлік тірегі!»
«Алтын балалық шақ» декадасы Жазғы сауықтыру алаңының демалушылары «Бірлік–тірлік тірегі!» тақырыбында демалыс уақытын тиімді пайдалана отырып, қызықты өткізуде. Табиғат аясында түрлі қимыл-қозғалысты ойындар ойнай отырып, бір–бірімен достық және ынтымақтастық қарым-қатынастарын арттырды. Мақсаты: демалыс уақытын тиімді пайдалану, достыққа, ынтымақтастыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
«АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ДЕКАДАСЫ
05
маусым
2024
«АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ДЕКАДАСЫ
«АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ДЕКАДАСЫ «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының демалушылары  арасында «Балаларды махабатпен қорғайық!» ұранымен «GARMONIA»бөлімі бойынша «Біз болмасақ кім?!» акциясы ұйымдастырылды.   Мақсаты: табиғатты аялау, өсімдіктерге деген қамқорлық, үлкендер еңбегін құрметтеу.