КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫСТА КІТАП ОҚИМЫЗ!
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Көктемгі демалыста кітап оқимыз» тақырыбында демалыста кітап оқу науқаны өткізілді. №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 4«Д» сынып оқушылары Батыр Асылзат пен Ермек Айсель өздерінің көктемгі демалыста оқыған кітаптарының мазмұнымен бөлісе отырып, шығармаға деген оқырмандардың қызығушылығын арттырып, достарын кітап оқуға шақырды. Мақсаты, көктемгі демалыстарын тиімді өткізу, кітап оқуды насихаттау және әлем әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.