"АДАЛДЫҚ — АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА"
"АДАЛДЫҚ — АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА" 8«Б» сынып жетекшісі Г.Орунбаева оқушыларымен «Адалдық - атадан қалған мұра» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты, адалдық пен шындықтың адами қарым - қатынастағы мәнін түсіндіру. Оқушының бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу. Оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттерді таныта отырып, адамгершілікке, әдептілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.