Оқушыларға » Страница 29 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ"
12
желтоқсан
2023
"ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ"
"ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ"             Мектеп медбикелері Ж.Юсупбаева мен С.Оспанова жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, мектеп оқушыларына «Қызылша ауруының алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға қызылша ауруының жұғу жолдары туралы слайдтар көрсетіліп, толық мәлімет берілді.
"ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН"
12
желтоқсан
2023
"ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН"
"ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН"        "ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ" жобасы және "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" Республикалық акциясы аясында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет» тақырыбында  №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 «ә» сынып жетекшісі А.Иманқұлов оқушыларымен ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, көрсетілген бейне роликтерді талқылады.
"ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ"
12
желтоқсан
2023
"ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ"
"ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ            Қазіргі таңда ЖРВИ және тұмау жұқпалы ауруларының өршуіне байланысты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің медбикелері С.Оспанова, Ж.А.Юсупбаева және сынып жетекшілері мектеп оқушыларына «ЖРВИ және тұмау жұқпалы ауруларының алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Медицина қызметкерлері оқушыларға аурудың белгілері, асқынуы және алдын алу шараларын кеңінен түсіндіріп, слайдтар көрсетті. Оқушылардан
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
04
желтоқсан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА         "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 7"в" сынып жетекшісі Г.Акилова оқушыларын белгілі жазушы, қоғам қайраткері Сауле Досжанның балалар мен жасөспірімдерге арналған "Біртуар" шығармасымен таныстырды. Шығармада Грек-рим күресінің палуаны, Халықаралық спорт шебері, Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпировтың өнегелі өмірі туралы айтылған. Оқушылар шығармадан алған әсерлерін ортаға салып талқылады.          Мақсаты:
“Буллинг және кибербуллингтің алдын алу”
02
желтоқсан
2023
“Буллинг және кибербуллингтің алдын алу”
Мектеп психологы Г.Жұмахметова 5-6 сынып оқушыларына “Буллинг және кибербуллингтің алдын алу” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты: оқушыларға “Буллинг, кибербуллинг деген не?, одан қалай қорғануға болатыны жөнінде түсіндіру. Оқушылар кері байланыс ретінде өз ойларымен бөлісті.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
01
желтоқсан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА          "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8«Г» сынып оқушылары мен мектеп кітапханашылары Тахауи Ахтановтың "Күй аңызы" атты шығармасын өзара әңгімелеп, талқылады.          Мақсаты: Т. Ахтанов өмірі мен шығармаларына тоқталу. Қазақтың ұлыттық күй өнерінің құдіретін сезіне білуге, шығармалары арқылы әдеби білімдерін, өзіндік ой пікірін жүйелі жеткізуін, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оқушыларды мейрімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
"ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ-ЖАН ШУАҒЫ"
30
қараша
2023
"ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ-ЖАН ШУАҒЫ"
"ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ-ЖАН ШУАҒЫ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ           Мектеп психологы Г.М.Шынтаева девиантты  мінез-құлықтағы   оқушылармен түзету-дамыту тренингін жүргізді.  Мақсаты: девиантты мінез-құлықты оқушылардың танымдық процестерін, мінез - құлықтарын зерттеу және олардың эмоцияналдық қарым – қатынастарын қалыптастыру. Логикалық ойлауды және шығармашылық қиял қабілетін байқауды дамыту.
"ЕРЛІК САБАҚТАРЫ"
28
қараша
2023
"ЕРЛІК САБАҚТАРЫ"
"ЕРЛІК САБАҚТАРЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ                ҚР Қарулы күштері «Біртұтас ұлт - біртұтас әскер» бағдарламасы және #Біртұтас_тәрбие бағдарламасы аясында  мектебімізге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ардагері Онбаев Серікбай атамыз келіп, 5-8-10 сыныптарынан құрылған «Жас сарбаз», «Жас құтқарушы», «Smart сарбаз» оқушыларына «ЕРЛІК САБАҚТАРЫ» тақырыбында тәрбие жұмыстарын жүргізді.
«AQ BARS CUP TAEKWONDO»
28
қараша
2023
«AQ BARS CUP TAEKWONDO»
«AQ BARS CUP TAEKWONDO» ТУРНИРI         Таэквондодан «AQ BARS CUP TAEKWONDO» жасөспірімдер және балалар арасындағы өткен турнирге 14-15 жас аралығында 65 келі салмақта қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 9«Г» сынып оқушысы Файзиев Абылайхан жүлделі II орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!!!
“Zhibek zholy Kazakhstan”
28
қараша
2023
“Zhibek zholy Kazakhstan”
Түркі тілдес елдер арасында өткізілген “Zhibek zholy Kazakhstan” байқауына қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Даулетжан Жандос аспаптық орындау жанры бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін ГРАН ПРИ жеңіп алып, Туркия елінің Стамбул қаласында өтетін байқауға жолдама алды. ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!