Оқушыларға » Страница 27 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
ALTYN SAQA АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ
28
желтоқсан
2023
ALTYN SAQA АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ
ALTYN SAQA АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ            Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген, математика пәні бойынша ALTYN SAQA аудандық олимпиадасына қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы Исабек Еркебұлан ll орын иеленсе, 6-сынып оқушылары Елубек Бақдаулет пен Наширов Денис жүлделі ll орынды иеленіп, дипломдармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
"БОЛАШАҚҚА ХАТ"
28
желтоқсан
2023
"БОЛАШАҚҚА ХАТ"
"БОЛАШАҚҚА ХАТ"           Мектебімізде "ТОҒЫЗ АЙҒА-9 ІС-ШАРА" аясында шығарма жазуға бағытталған "Болашаққа хат" челленджін 5-9 сыныптар арасында С.Бегімбетова ұйымдастырды. Білім алушылар өз жетістіктері, болашаққа қойған арман-мақсаттары туралы бір уақытта шығарма жазды және белсенді қатысты. Мақсаты: білім алушылардың өзінің жеткен жетістіктері болашаққа қойған жоспарлары туралы шығарма жазу, өз ойларын қағаз бетіне жүйелі жеткізу дағдыларын жетілдіру.        
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
27
желтоқсан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.Шанетова мен кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева 8«Г» сынып оқушыларымен Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» шығармасын сюжет желісі бойынша және өмірмен байланыстыра отырып талдады. Оқушылар шығармадан алған әсерлері туралы өз ойларын еркін жеткізе білді. Бүгінгі шараның мақсаты балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
26
желтоқсан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА            «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жоспары негізінде Бауыржан Момышұлының туған күніне орай 6«В» сынып жетекшісі Н.Дүйсенбаев оқушыларымен «Ұшқан ұя» ұлағаты» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: халқымыздың аты аңыз болған даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Б.Момышұлы туралы мағлұмат беру, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек таныту, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.
"ДОСТЫҚ ЖӘНЕ МЕН"
26
желтоқсан
2023
"ДОСТЫҚ ЖӘНЕ МЕН"
"ДОСТЫҚ ЖӘНЕ МЕН" АТТЫ ТРЕНИНГ             Мектеп психологы Гүлмира Жұмахметова 5 “ә”  сынып оқушыларымен “Достық және мен” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: оқушылардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, достықтың қадірін түсіндіру. Оқушыларға достық туралы сұрақтар қойылып, достық туралы мақал-мәтелдер айтылды. Сонымен қатар, өзара қарым қатынасты нығайту мақсатында бірігіп сурет салу тапсырылды. Оқушылар тренингке қызығушылықпен қатысып отырды.
"ЖЕҢІСІМДІ, ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЙМЫН!"
26
желтоқсан
2023
"ЖЕҢІСІМДІ, ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЙМЫН!"
"ЖЕҢІСІМДІ, ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЙМЫН!"            №68 жалпы орта білім беретін метебінде "Ұлттық мектеп лигасы" жобасы аясында "Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!" тақырыбында футзалдан 9-11 сыныптар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты, жалпыазаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, салауатты өмір салтын ұстанған, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды 11"Ә", 2-орынды 11 "А", 3-орынды 9 "Б" сынып командалары иеленді. Ойыншыларға
"АТАНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІН АРДАҚТАУ - ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҰЖДАНЫ"
25
желтоқсан
2023
"АТАНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІН АРДАҚТАУ - ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҰЖДАНЫ"
"АТАНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІН АРДАҚТАУ - ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҰЖДАНЫ"              Тәуелсіз мемлекетімізде ата - бабамыздан қалған асыл мұраның бірі салт – дәстүрлерімізді сақтау. «Ұлдар кеңесі» аясында тарих пәні мұғалімі Н.Дүйсенбаев және математика пәні мұғалімі А.Айманов «Атаның  дәстүрлерін ардақтау – қазақ халқының ұлттық ұжданы»  тақырыбында 10-сынып оқушыларымен тарихи таным арттыру сабағын өткізді. Ұлттық кодты сақтауда қанымызға сіңіп, тұрмысымызға айналған салт-дәстүрдің маңыздылығы әңгіме
«МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ  ТАҢДАЙМЫН!»
25
желтоқсан
2023
«МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ТАҢДАЙМЫН!»
«МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ  ТАҢДАЙМЫН!»           Педагог-психолог Г.М.Шынтаева, педагог асистент Д.Умирзакова ерекше білімді қажет  ететін оқушыларға тренинг жұмысын жүргізді. Мақсаты: топты эмоционалдық біріктіру, эмоционалдық қатынас орнату, бір – бірін бөлектемеу. Оқушылардың әрқайсысының  өзіне тән ерекше қасиеттері бар екендігін  анықтап, өзін-өзі бағалауын арттыру.
"МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕН БАСТАУ АЛАДЫ"
25
желтоқсан
2023
"МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕН БАСТАУ АЛАДЫ"
"МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕН БАСТАУ АЛАДЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ           «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 4«Ғ» сынып жетекшісі Д.Н.Сайдбек оқушыларымен «Мейірім жүректен бастау алады» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты, балалардың "Мейірімділік", "Қайырымдылық" құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
25
желтоқсан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА           "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 4"ә" сынып жетекшісі В.Карибозова оқушыларымен "Мен оқыған кітаптар және менің сүйікті кейіпкерім" тақырыбында байқау өткізді. Мақсаты, оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, оқыған кітаптары туралы ой бөлісу. Кітаптың қаншалықты құнды, бағалы дүние екендігін түсіндіре отырып,  ұқыптылыққа, мәдениетті болуға тәрбиелеу.