Оқушыларға » Страница 20 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН"
14
ақпан
2024
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН"
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН"  «БІРТҰТАС ҰЛТ — БІРТҰТАС ӘСКЕР» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы аясында Ауған соғысына 35 жыл толуына орай, және қаза болған жауынгерлерді еске алу мақсатында «МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН» атты әскери-патриоттық, спорттық сайыс өткізілді. Сайыс нәтижесі бойынша №68 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас сарбаз» сыныбы алға шығып, I орын иеленіп дипломмен және кубокпен марапатталды. Жетекшісі Асанбай Иманқұлов пен сынып оқушысы
"САТТАР ДЕП СОҚСЫН ЖҮРЕГІМ"
14
ақпан
2024
"САТТАР ДЕП СОҚСЫН ЖҮРЕГІМ"
"САТТАР ДЕП СОҚСЫН ЖҮРЕГІМ" АТТЫ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ  Алаштың ардақты азаматы, қазақтан шыққан тұңғыш фантаст жазушы Саттар Асқарұлы Ерубаевтың туылғанына 110 жыл толуына орай, қалалық Саттар оқуларының "Саттар деп соқсын жүрегім" айдарында 7-11 сынып оқушылары арасында ақындық өнерлері бойынша байқау өткізілді. Байқау нәтижесінде №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 8«В» сынып оқушысы Орынбек Қарақат III-орын иеленіп дипломмен марапатталса, Туктамұрат Амина жақсы өнер көрсеткені үшін
«Gettiny accepted to a grant is not a dream, but a goal»
13
ақпан
2024
«Gettiny accepted to a grant is not a dream, but a goal»
Ағылшын тілі пәні мұғалімі  Беймусаева Ұлмекеннің жетекшілігімен 11-сыныптар арасында мектепішілік дебат турнирі өткізілді. Пікірсайысқа 11-сынып оқушыларынан құралған екі фракция қатысты. Қатысушылар екіге бөлініп, «Gettiny accepted to a grant is not a dream, but a goal» тақырыбында пікірсайыс жүргізді. Дебат барысында Молдабек Нұрай, Тұрғұнбай Балнұр, Әбілаш Айтолқын, Құрманбек Аяулым сөйлеу мәдениеті мен ағылшын тілінде ойын анық жеткізе алып, алға шықты. Дебат турнирін алдағы  9 -10
"КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙ"
13
ақпан
2024
"КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙ"
"КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙ" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ  “ДосболLike” акциясы аясында мектеп психологы Гүлмира Жұмахметова 3 “А” сынып оқушыларына “Көтеріңкі көңіл - күй” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың өзара қарым-қатынасын жақсартып, әрдайым дос бола білуге үйрету.  Оқушылардың байқағыштығын анықтау үшін “Көңілді шеңбер” ойыны жүргізілді, ойында барлық бала белсенділік танытып қызығушылықпен қатысты.
"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН"
13
ақпан
2024
"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН"
"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" АКЦИЯСЫ Мектебіміздің 10«Ә» сынып оқушылары республикалық «ДОСБОЛLIKE:Достық Қолын Ұсын» атты акциясы аясында мектеп оқушыларына видеоролик жолдады. Акцияның мақсаты: ынтымақтастық арқылы оң қарым-қатынастың ең жақсы жолдарын табу және білім беру мекемелерінде достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін оқушылар қауымдастығын біріктіру.
«ҰБТ-ке СЕНІММЕН  БАРАМЫН!»
13
ақпан
2024
«ҰБТ-ке СЕНІММЕН БАРАМЫН!»
«ҰБТ-ке СЕНІММЕН  БАРАМЫН!» ТАҚЫРЫБЫНДА  ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТТІ Психолог Г.М.Шынтаева 11«Б» сынып  оқушыларымен «ҰБТ-ке СЕНІММЕН БАРАМЫН!» тақырыбында тренинг жұмысын жүргізді.  Мақсаты: оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету. Өзіндік сенімнің болуына баулу.
"МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ"
13
ақпан
2024
"МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ"
"МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ  Кәсіптік білім беру педагогы С.Анаркулова 9«А» сынып оқушыларымен "Мамандықтың бәрі жақсы" тақырыбында тренинг сабақ өткізді. Тренинг, сабақ дәнекерлеуші, жарықтандырушы, құрылысшы мамандықтары бойынша үш топқа бөліну арқылы өтті. Оқушылар үш мамандықтың қызығы мен шыжығын түсініп, жауапкершілігі мен еңбектің адалдығын білді.
«Дарын»
12
ақпан
2024
«Дарын»
Шымкент қаласы «Дарын» орталығының жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңіне қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Амирбай Балауса II дәрежелі дипломмен, 11-сынып оқушысы Аппасхан Балауса II дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
"ТӨРТ ТОҚСАН — ТӨРТ ӨНЕР"
12
ақпан
2024
"ТӨРТ ТОҚСАН — ТӨРТ ӨНЕР"
"ТӨРТ ТОҚСАН — ТӨРТ ӨНЕР"  "Төрт тоқсан-төрт өнер" жобасы аясында, №68 жалпы орта білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Есиркеповтың ұйымдастыруымен бес асықтан 5-6 сынып оқушылары арасынан жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесі бойынша 5«Ә» сынып оқушысы Төребек Жұлдызай 1-орын, 6«В» сынып оқушысы Бердібек Еркеназ 2-орын, 6«Б» сынып оқушысы Тасполат Назерке 3-орын иеленді. Жеңіске жеткен оқушыларға сыйлықтар және кубок медаль табысталды.
"Қуыршақ театры"
11
ақпан
2024
"Қуыршақ театры"
PUPPET SHOW – қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақ театры  бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар т.б.  Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Ергешов 3 "А" сынып оқушыларымен "Қуыршақ театры" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты, бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілінде ауызекі