04
қазан
2022
Г.Б.Абдусаметова алгебра пәнінен "Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі" тақырыбында Lesson study өткізді
3.10 күні 9 "а" сыныбында сынып жетекшісі әрі пән мұғалімі Г.Б.Абдусаметова алгебра пәнінен "Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі" тақырыбында Lesson study өткізді. Сабақ барысында Geo gebra бағдарламасын қолдану арқылы сабақ қызықты өтті. Geo gebra бағдарламасын жетік меңгеруде және сыныптастарына көмек көрсетуде Орынбек Ернұр, Тасполат Ұлжалғас, Тулемет Санира көзге түсті. Математикалық терең білімімен ерекшеленген Али Жандаулет, Шархан Ерқанат, Туктамұрат Мерей болды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.








