30
қыркүйек
2022
КИБЕРБУЛИНГ:БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ? Кибербуллинг дегеніміз не?
Мектеп психологы Г.М.Шынтаева 8-9 сынып оқушыларымен “КИБЕРБУЛИНГТІҢ АЛДЫН-АЛУ” тақырыбында тренинг сабағын өтті. Тренингте оқушыларға Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқыту арқылы, зорлық көрсету арқылы шабуыл жасап кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайтындығы туралы ақпараттандырды. Оқушылар алған мәліметтерімен ой бөлісті.




