21
ақпан
2022
LESSON STADY білім сапасын көтерудің тиімді әдісі
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою мақсатында «Lesson Stady» зерттеу тобы құрылған болатын. Бұл іс-шара өз жалғасын тауып, кезекті сыныптар пән мұғалімдерімен ақылдаса отырып таңдап алынды. Аталған сыныптар: 7 «Б», 7»Г» болатын. Себебі аталған сыныптарда сабақ өту барысында әртүрлі қиындықтар байқалған. Мұғалімдердің ұсынысы бойынша зерттелетін пәндер: Қазақ тілі, орыс тілі, математика, тарих, ағылшын тілі деп ұйғарылды.Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынып, «Lesson Stady» сабағы барысында жақсы нәтиже көрсетті.








