Жетістіктеріміз » Страница 5 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мәртебеңіз асқақтай берсін асыл ұстаз!
23
ақпан
2023
Мәртебеңіз асқақтай берсін асыл ұстаз!
    Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қоры мектебіміздің білікті маманы Шанетова Нұршахар Нұрматқызын білім беру саласының сапасын арттыру жолында кәсіби міндеттерін абыройлы атқарып, адал еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, орасан зор ізденістерінің арқасында шеберлігі мен біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапаттады. Мәртебеңіз асқақтай берсін асыл ұстаз!
Жеңістеріңіз құтты болсын!
23
ақпан
2023
Жеңістеріңіз құтты болсын!
   Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған мекемесінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен 2009-2010 жылы туылған және 2011-2012 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында нашақорлыққа қарсы ашық біріншілігі өтті. Сайысқа №68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысып, 26 кг салмақта Б.Ерсайынұлы 1-орын, Ә.Амангелді 2-орын, 46 кг салмақта Р.Ақжолұлы 3-орын иеленіп грамотамен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты
«Zhibek zholy Kazakhstan» Республикалық байқауы
21
ақпан
2023
«Zhibek zholy Kazakhstan» Республикалық байқауы
  Қазақстан Республикасының «Zhibek zholy Kazakhstan» Республикалық байқауына қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 3«Ғ» сынып оқушысы Күмісбек Кәусар Гран При бас жүлдесін иеленсе, Полатбекқызы Айкөркем 1-орын иеленіп дипломмен марапатталды. Жеңімпаздар Түркі тілдес елдер арасында өтетін Түркия елі, Стамбул қаласында болатын байқауға қатысу үшін жолдама алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
"ЖЫРЛАРЫМ, ЖЫЛДАРЫММЕН ЖАЛҒАСЫҢДАР"
15
ақпан
2023
"ЖЫРЛАРЫМ, ЖЫЛДАРЫММЕН ЖАЛҒАСЫҢДАР"
      Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына арналған "Жырларым, жылдарыммен жалғасыңдар" атты жыр мүшайра қорытындысы бойынша №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 8«Б» сынып оқушысы Аманбай Мерей өз деңгейін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін 3-орын иеленіп дипломмен марапатталса, мектеп директоры Г.А.Пржанова және қазақ тілі пәні мұғалімдері Н.Шанетова, А.Жанысбекова, С.Бегимбетовалар алғыс
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН" АТТЫ БАЙҚАУ
14
ақпан
2023
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН" АТТЫ БАЙҚАУ
    "Біртұтас ұлт-біртұтас әскер" жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру мақсатында Ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алу және ардагерлердің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай, 10-11 сынып патриоттық клубтар  арасында "Мен өз Отанымның батыл қорғаушысымын" атты әскери-спорттық байқауы өтті. Байқау барысында №68 жалпы орта білім беретін мектебінің "Жас сарбаз" тобының оқушылары Аллақұл Әлия, Пердебек Диана, Тәліп Назым, Туребаев Жанболат, Кенжебай
"ЕРЛІК-ҰРПАҚ ҰРАНЫ" АТТЫ ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ БАЙҚАУЫ.  БАС ЖҮЛДЕ ГРАН-ПРИ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
09
ақпан
2023
"ЕРЛІК-ҰРПАҚ ҰРАНЫ" АТТЫ ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ БАЙҚАУЫ. БАС ЖҮЛДЕ ГРАН-ПРИ
     "Біртұтас ұлт-біртұтас әскер" жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру мақсатында Тәжік-Ауған қақтығысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу және жеке құрама атқыштар батальонның шығарылғанына 22 жыл толуына орай, "Жас сарбаз" сынып тәрбиеленушілері арасында "Ерлік-ұрпақ ұраны" атты әскери-спорттық байқауы өтті. Байқауға №68 жалпы орта білім беретін мектебі қатысып, жүлделі Гран - При иегері атанды. АӘТД жетекшісі А.Иманқұлов өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жеткен
«СЫРЛЫ СӨЗ» ЖАС САХНА ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ
04
қаңтар
2023
«СЫРЛЫ СӨЗ» ЖАС САХНА ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ
      Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына орай өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы және шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған «Сырлы сөз» жас сахна жүргізушілері байқауына ерекше қабілеті мен жоғары бейімділігін танытқаны үшін №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 8«Ә» сынып оқушысы Қолқанат Алтынай және 9«А» сынып оқушысы Али Жандаулет III орын иеленіп, мадақтамамен марапатталса, жетекшісі Омирбаева Айгул ұстаздық жолында шеберлігі мен біліктілігін
ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
29
желтоқсан
2022
ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігі, Шымкент қаласы, Дарын орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде №68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Қазақстан тарихы пәні бойынша Наширов Денис 2-дәрежелі, Үмбет Несібелі 2-дәрежелі, Ақылбек Қаракөз 3-дәрежелі, Абдукалик Жасмин 3-дәрежелі дипломдарымен марапатталса, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Берше Айсу
Марапатыңыз құтты болсын, сіз лайықтысыз!
29
желтоқсан
2022
Марапатыңыз құтты болсын, сіз лайықтысыз!
  Ұжымымыздың тәжірибелі маманы Тлепов Мақсат Сапарұлы өнегелі еңбегінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды! Марапатыңыз құтты болсын, сіз лайықтысыз!
Жеңіс құтты болсын!!!
28
желтоқсан
2022
Жеңіс құтты болсын!!!
Шымкент қаласы «Дарын» орталығының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының екінші (облыстық) кезеңінің жеңімпазы №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Пердебек Ұлжалғас 1-дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Г.Лесбаева. Мектеп директоры Г.А.Пржанова Ұлжалғасты жеңісімен құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады.  Жеңіс құтты болсын!!!