16
мамыр
2023
"АЙБЫН—2023" "БІРТҰТАС ҰЛТ—БІРТҰТАС ӘСКЕР"
Шымкент қаласы еңбекші және қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Біртұтас ұлт—біртұтас әскер» жастарды әскери—патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы аясында «Айбын—2023» IX Республикалық Әскери—патриоттық жастар жиынының қалалық іріктеу кезеңіне жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 9«Ә» сынып оқушылары жүлделі ГРАН-ПРИ кубогын жеңіп алды. Жетекшісі АӘД пәнінің мұғалімі Иманқұлов Асанбай Тәтішұлы ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталып, Қарағанды қаласында өтетін «Айбын Спаск» сайысына жолдама алды. Жеңіс құтты болсын "Жас Сарбаз" сыныбы.