27
ақпан
2023
Бүгінгі күннің үздігі!
Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының екінші (облыстық) кезеңіне қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 8«А» сынып оқушысы Амангелдыева Динара және 7«В» сынып оқушысы Туктамұрат Аминалар ерекше жетістіктері үшін мадақтамамен марапатталды. Ғылыми жетекшілері бастауыш сынып мұғалімі Канзат Достаева және биология пәнінің мұғалімі Альмина Тюльтебаева. Мектеп директоры Гулнур Аскербекқызы Пржанова оқушыларды жеңісімен құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады.


