Мұғалімдер » Страница 4 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"КӨҢІЛ КӨКЖИЕГІ"
21
ақпан
2024
"КӨҢІЛ КӨКЖИЕГІ"
"КӨҢІЛ КӨКЖИЕГІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ “Білім беру процесіне қатысушылар арасында деструктивті көріністердің алдын алу” тақырыбында “Психологиялық онкүндігі” аясында, мектебімізде педагог-психолог Гүлмира Жұмахметова оқушыларға “Көңіл көкжиегі” тақырыбында тренинг жүргізді. Тренингте оқушылармен “Қызықты сурет”, “Жүргек поезд”, “Достық тілек” жаттығулары мен әдістемелері жүргізіліп “Кірпі” бейнеролигі көрсетілді. Оқушылар қызығушылықпен қатысып өз ойларымен бөлісті.
"XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ"
17
ақпан
2024
"XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ"
"XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ" АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ  Химия пәні мұғалімі Д.Асанбаева мен биология пәні мұғалімі Л.Нұрпейісова 8«Ғ» жас сарбаз сынып оқушыларына химия-биология пәні бойынша "XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ" интелектуалды сайыс сабақ өткізді. Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынды Тәтіш Асылайым иеленсе, 2-орынды Алдаберген Аяна, 3-орынды Ержанқызы Назилат иеленіп алға шықты. Жеңіске жеткен оқушылар  мектеп директоры Г.А.Пржанованың мадақтамасымен марапатталды.
БАТЫЛДЫҚ ПЕН ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ
16
ақпан
2024
БАТЫЛДЫҚ ПЕН ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ
БАТЫЛДЫҚ ПЕН ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.Абдрашова және қазақ тілі пәні мұғалімі А.Жанысбекова 7 «А» "Жас сарбаз" сыныбының оқушыларымен Ұлы Отан соғысында қанды қырғынға қатысып, батылдық пен ерліктің үлгісі бола білген Әлия Молдағұлова мен Рақымжан Қошқарбаев туралы "БАТЫЛДЫҚ ПЕН ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ" тақырыбында танымдық сайыс сабағын өткізді. Мақсаты: оқушыларға Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Отанға деген
"ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ — ҚАТЫНАС"
15
ақпан
2024
"ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ — ҚАТЫНАС"
"ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ — ҚАТЫНАС" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ Мектеп директоры Г.Пржанова мен педагог-психолог Г.Жұмахметова мұғалімдермен “Жағымды қарым-қатынас” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Мақсаты: мұғалім оқушы мен ата-анамен жағымды қарым-қатынас орната білу шеберлігін арттыру. Мұғалімдерге шеңбер болып тұрып, “Маған және көршіме” тренингі жүргізілді, сонымен қатар, “Вербалды емес қарым-қатынас” тренигі жүргізілді, яғни ешбір сөзсіз қимылсыз сурет арқылы бейнелеп ойды білдіру
11-сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс өткізді
10
ақпан
2024
11-сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс өткізді
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары П.Альжанов 11-сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс өткізді. Жиналыс барысында қаңтар айындағы оқушылардың тапсырған ҰБТ нәтижесімен таныстырды, сонымен бірге жас маман Н.Оразымбет жоғарғы оқу орындарымен таныстыра отырып, түсу жолдарын түсіндірді. Ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.
"Мұқағали-ақиық ақын"
07
ақпан
2024
"Мұқағали-ақиық ақын"
"Мұқағали-ақиық ақын" тақырыбында М.Мақатаевтың туғанына 93 жыл толуына орай қазақ тілі пәні мұғалімдері Ә.Кенжеғұлов, Ж.Жүнісова, С.Бегімбетовалардың ұйымдастыруымен "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан 5«Ә» сынып оқушылары, ақынның өлеңдерін жатқа айтып, өлеңдерінің мағынасын тереңірек ашып түсінді. Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығына байланысты видеоролик көрсетіліп, Kahoot әдісі арқылы сұрақ-жауаптар болды. "Үш бақытым" әні орындалып, би билеп, күй
"ДосБолLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН СОЗ" АКЦИЯСЫ
01
ақпан
2024
"ДосБолLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН СОЗ" АКЦИЯСЫ
"ДосБолLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН СОЗ" АКЦИЯСЫ "Достық және мен" 1-ші ақпан күні “ДосболLike” акциясы аясында көтеріңкі көңіл-күй бағыты бойынша №68 жалпы орта білім беретін мектебімізде 3«Б» сынып жетекшісі Қ.Оразова “Достық және мен” тақырыбында танымдық сағат өткізді.
"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
30
қаңтар
2024
"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ  2 «Б» сынып жетекшісі Г.А.Коккузова оқушыларымен Тәрбие қазығы - «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында сынып оқушылары ұлттық құндылықтардың отбасында өрбитінінен хабардар болып, олар отбасы, ар-намыс, пайдалы тағамдар мен ұлттық сусындар, ұлттық рух тақырыптарына кеңінен тоқталып өтті. «Қымыз бен Кока-Кола» көрінісі қойылып, «Төрт ана» жас ұрпақтарға өз аманатын жеткізді.
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
29
қаңтар
2024
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА     "English as global language" атты ағылшын апталығы аясында, ағылшын тілі пәні мұғалімі Чапаева Кулзия 9 «В» сынып оқушыларымен "Countable and uncountable nouns" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылығын арттыру. Оқушыларға зат есімді екі тілде меңгерту.
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС МҮШЕЛЕРІ"ТАҚЫРЫБЫНДА ЛЕССОН СТАДИ ӨТКІЗІЛДІ
29
қаңтар
2024
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС МҮШЕЛЕРІ"ТАҚЫРЫБЫНДА ЛЕССОН СТАДИ ӨТКІЗІЛДІ
"ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС МҮШЕЛЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ЛЕССОН СТАДИ ӨТКІЗІЛДІ  Биология пәні мұғалімі  Нурпейсова Лаззат 7 «А» сынып оқушыларымен "Жануарлардың қозғалыс мүшелері" атты Лессон стади сабағын өткізді. Сабақ барысы "Ойынға дайынсың ба?" атты заманауи интелектуалды ойын жүйесімен өткізіле отырып, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс бойынша қызықты өтті.