Біз туралы » Страница 8 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
11-сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс өткізді
10
ақпан
2024
11-сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс өткізді
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары П.Альжанов 11-сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс өткізді. Жиналыс барысында қаңтар айындағы оқушылардың тапсырған ҰБТ нәтижесімен таныстырды, сонымен бірге жас маман Н.Оразымбет жоғарғы оқу орындарымен таныстыра отырып, түсу жолдарын түсіндірді. Ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.
"Мұқағали-ақиық ақын"
07
ақпан
2024
"Мұқағали-ақиық ақын"
"Мұқағали-ақиық ақын" тақырыбында М.Мақатаевтың туғанына 93 жыл толуына орай қазақ тілі пәні мұғалімдері Ә.Кенжеғұлов, Ж.Жүнісова, С.Бегімбетовалардың ұйымдастыруымен "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан 5«Ә» сынып оқушылары, ақынның өлеңдерін жатқа айтып, өлеңдерінің мағынасын тереңірек ашып түсінді. Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығына байланысты видеоролик көрсетіліп, Kahoot әдісі арқылы сұрақ-жауаптар болды. "Үш бақытым" әні орындалып, би билеп, күй
"ДосБолLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН СОЗ" АКЦИЯСЫ
01
ақпан
2024
"ДосБолLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН СОЗ" АКЦИЯСЫ
"ДосБолLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН СОЗ" АКЦИЯСЫ "Достық және мен" 1-ші ақпан күні “ДосболLike” акциясы аясында көтеріңкі көңіл-күй бағыты бойынша №68 жалпы орта білім беретін мектебімізде 3«Б» сынып жетекшісі Қ.Оразова “Достық және мен” тақырыбында танымдық сағат өткізді.
"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
30
қаңтар
2024
"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ  2 «Б» сынып жетекшісі Г.А.Коккузова оқушыларымен Тәрбие қазығы - «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында сынып оқушылары ұлттық құндылықтардың отбасында өрбитінінен хабардар болып, олар отбасы, ар-намыс, пайдалы тағамдар мен ұлттық сусындар, ұлттық рух тақырыптарына кеңінен тоқталып өтті. «Қымыз бен Кока-Кола» көрінісі қойылып, «Төрт ана» жас ұрпақтарға өз аманатын жеткізді.
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
29
қаңтар
2024
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА     "English as global language" атты ағылшын апталығы аясында, ағылшын тілі пәні мұғалімі Чапаева Кулзия 9 «В» сынып оқушыларымен "Countable and uncountable nouns" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылығын арттыру. Оқушыларға зат есімді екі тілде меңгерту.