Біз туралы » Страница 34 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңындағы құттықтау
18
желтоқсан
2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңындағы құттықтау
    Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты  №68 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Жунисова Жанар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Кәсіподақ төрағасы М.Жүзімбаевтің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.
"АЙБЫН-2021" VII  Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны
18
желтоқсан
2021
"АЙБЫН-2021" VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны
    Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері мен медбикелері Айманов Әлімжан, Абуов Айдос, Тумабаев Нұрбек, Дүйсенбаев Нұртілес, Альжанов Пернехан, Шанетова Нұршахар Юсупова Жәудір, Оспанова Сәуле Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында "АЙБЫН-2021" VII  Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына оқушы даярлап, жақсы жетістік үлгісін көрсеткені үшін мектеп директоры Г.А.Пржанованың  Мадақтамасымен марапатталды.
"Үздік авторлық бағдарлама"
17
желтоқсан
2021
"Үздік авторлық бағдарлама"
   Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Акбаева Пернегүл Карабаевна Әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен педагогтар арасында өткізілген "Үздік авторлық бағдарлама" қалалық байқауына қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін II дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталады. 
"Тәуелсіз елдің таланттары"
17
желтоқсан
2021
"Тәуелсіз елдің таланттары"
   Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 6"В" сынып оқушысы Тұрғанбек Диана Нұр Сұлтан қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген "Тәуелсіз елдің таланттары" атты III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  "ALASH STAR" өнер байқауында вокал номинациясы бойынша II орынды иеленді, сонымен қатар Алматы қаласында өткен  "Алатау шыңы" IV Республикалық балалар және жастар және ұстаздар шығармашылығы конкурсынан ән салу өнері номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ иеленді.
"Шымкент қаласындағы зообаққа" саяхат
17
желтоқсан
2021
"Шымкент қаласындағы зообаққа" саяхат
  Шымкент қаласы  Білім  басқармасына  қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 5"Б" сынып жетекшісі Абдуллаева Нургул Сакеновна  мен география пәнінің мұғалімі М.Исашова оқушыларымен "Шымкент қаласындағы зообаққа" саяхат жасады. Саяхаттың мақсаты: оқушыларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау, зообақтағы балалардың байқағыштық қабілеттерін, ойлау, тілдік қорларын дамыту және жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
«16  желтоқсан  - Қазақстан  республикасының   Тәуелсіздік» күні
15
желтоқсан
2021
«16 желтоқсан - Қазақстан республикасының Тәуелсіздік» күні
   Шымкент  қаласы  Білім  басқармасына  қарасты  №68  жалпы  орта  білім  беретін   мектебінінің  директоры  Г.А.Пржанова   «16  желтоқсан  - Қазақстан  республикасының   Тәуелсіздік» күні  мерекесі  қарсаңында  «Nur Otan»  партиясы   Шымкент қалалық  филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары   Ж.Ә.Бектаеваның   АЛҒЫС  ХАТЫМЕН  марапатталды.
«ЕРЛІК – ҰРПАҚ  ҰРАНЫ »  атты  қалалық сайыс қорытындысы
13
желтоқсан
2021
«ЕРЛІК – ҰРПАҚ ҰРАНЫ » атты қалалық сайыс қорытындысы
СҮЙІНШІ!  І ОРЫН! Тәжік-Ауған  шекарасында  ерлікпен  қаза  тапқан   жауынгерлерді  еске  алу   мақсатында  өткен  «ЕРЛІК – ҰРПАҚ  ҰРАНЫ »  атты  қалалық  жас  сарбаздар  арасында  өткен  әскери-патриоттық  сайыстан   мектебіміз   І  орынды   иеленіп, бағалы сыйлық ретінде  оқу жаттығуға арналған  АК - 74 (Калашников автоматы) жүлдесіне ие болды. ЖЕҢІСІМІЗ  ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
№68 мектеп "Ыстық тамақпен қамту"
13
желтоқсан
2021
№68 мектеп "Ыстық тамақпен қамту"
   Шымкент  қаласы  Білім  басқармасына  қарасты  №68  жалпы  орта  білім  беретін  мектебінде  «Жалпыға  міндетті  білім  беру»  қорынан  бөлінген  қаражатқа  азқамтылған  оқушыларды  тегін  ыстық  тамақпен  қамту  санитарлық  талаптарға  сай және  ас  мәзірі  бойынша  жүйелі  түрде  жүргізілуде.
“Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!"
10
желтоқсан
2021
“Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!"
    Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты  №68  ЖОББМ-нің орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Балажанова Айгул Канаевна 8"Ғ" сыныбымен  "Қазақстандағы Отбасы институты және оның құндылықтары"  тақырыбында  тәрбие  сағатын  өтті.  Отбасы- адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын...адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны.                 А.С.Макаренко  Зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алуға  бірқатар стратегияларды іске асыру маңызды, оның
Ата-аналар жиналысы
09
желтоқсан
2021
Ата-аналар жиналысы
  Шымкент  қаласы  Білім  басқармасына  қарасты  №68  жалпы  орта  білім  беретін   мектебінде   8,6,5  әскери  сыныптарында ата –аналар  жиналысы  өткізілді. Жиналысқа  оқушылар  және  ата-аналар  қатысты. Жиналыс  барысында    оқушылардың   білімін  арттыру,  уақытты  тиімді  пайдалау, оқушылардың  тәртібі  туралы  мәселелер   айтылды.   Жиналыс  соңында  оқушыларды  мектеп  әкімшілігі  тарапынан  марапатталып, үлгілі  оқушылардың  ата- аналарына   Алғыс  хаттар берілді.